Облыстық коллегияға қатысу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік мұрағаты, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2015 жылға есеп беру коллегиясына қатысты. Коллегия драма театрының кіші залында өтті. Шығыс Қазақстан мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Р.К. Нурмуханованың мәдениет және мұрағаттық мекемелер жайындағы есеп беру баяндамасы тыңдалды. Мемлекеттік мұрағат директоры Т.Т.Тусипбеков 2015 жылғы мұрағат және оның бөлімшелерінде атқарылған іс-шаралар жөнінде мультимедиалық презентация мен баяндама жасады. Баяндамада мұрағаттағы Ұлттық қор құжаттарының : Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70- жылдығы, Қазақ
Хандығының 550-жылдығы, Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаевтың 170-жылдығы сияқты атаулы шараларда кеңінен пайдаланылуын атап өтті. Және де мұрағаттық мекемелердің жұмысына, жабдықталуына, Ұлтық қордың сақталу жағдайына ерекше мән берді. Мемлекеттік мұрағат пен бөлімшелеріндегі шешімін таппаған мәселелерге тоқталып өтті.