Білу, ақынды есте сақтау үшін
2016 жылы 9 ақпан күні Зырян қаласынның орталық кітапханасында 1995 жылы қайғылы қайтыс болған, жергілікті ақын әрі тілші, әдеби бірікшілігінің төрайымы Исламов Вадим Маллакубанович кітабының шығармашылық презентациясы өткізілді. Осы жинақтың авторы - Медведева Нина Григорьена, зыряндық жазушы және ақын, Ресей жазушыларының Кеңес мүшесі, Зырян ауданының «Бухтарминские радуги» бірікшілігінің төрағасы.
В.М.Исламовтың құжаттары Зырян филиалы Шығыс – Қазақстан облысы облмеммұрағатында сақтауға алынған. Өлеңдер жинағы, оның жарияланымдары және қолжазба өлеңдері, жұмыс бойынша әріптестерінің естеліктері «Шығыс Шыңы» атты газет редакциясында.
Жарқын, бірақта Пермск облысы, Марковский қалашығында гранаттың жарылысынын болған ұшқынның арқасында жас ақынның өмірі күрт үзілді, сондықтан да оның көптеген шығармашылықтары жарыққа шықпай қалды. Н.Г.Медведева біздің жергілікті жерлесіміздің шығармашылығын кең оқымыстылар орталығы білу керек деп шешіп, Исламовтың құжаттарымен жұмыс істеу үшін мемлекеттік мұрағат оқу залына бардым. Кейін, ақынның жанұя мүшелерінің кей біреулері Ресейде тұрып жатқаны анықталды, олардан да естеліктер мен фотоқұжаттар, жолдастарының әңгімелері де жазылған.
Осылардың барлығы да жаңадан басылып шығарылған «Осенний костер» атты жинаққа еңгізілді. Презентацияда Исламов Вадимнің туысқандары мен жолдастары, колледж студенттері болды. Вадимнің шығармашылығын аяқсыз қалдырмай, кітапты жазып шығару кең еңбек болса да, автор оларды жарыққа шығарды, сол үшін де көрермендер көздеріне жас ала отырып, өз алғыстарын айтты. Нина Григорьевна, өз кезегінде, Зырян мұрағатының әріптестеріне қарапайымдылықтары үшін алғысын айтты: «Егерде мұрағатшылар мені қолдамаса немесе жаман қарсы алса, онда мен бұл кітап бойынша жұмыс істемес едім», - өз ойларымен ашық бөлісті. Мұрағатшылар барлық құжаттарды беріп, олардың көшірмелерін жасауға көмектесті. Жұмысымның негізі мұрағатта салынды, ал қалғанын ақынның әйелі және жолдастары қосып, жалғастырды.