Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қабылдау туралы

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы  Мемлекеттік мұрағатының құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі бөлімімен мемлекеттік сақтауға 4772 сақт.бірл.  қабылданды. Оның ішінде - 4112 сақт. бірл.басқарушылық құжаттамалар, 306 жеке текті құжаттары, 346 сақт.бірл. ғылыми-техникалық құжаттамалар және 8 бейнеқұжаттар.

Облыстық  мемлекеттік мұрағаты өзінің мұрағат  қоймаларын  тұрақты сақтаудағы мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен: «Өскемен қаласының прокуратурасы», «Өскемен қаласы әкімдігінің аппараты», «Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласының арнайы метепке дейінгі балалар  үйі», Қазақстан Республикасының Генералды прокуратурасының «Шығыс Қазақстан облысы Прокуратурасы», «Өскемен қаласының білім басқармасы», Глубокий ауданының статистика басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Шығыс Қазақстандағы филиалы, Шығыс Қазақстан облысының Акционерлер қоғамының филиалы «Қазақстан ұлттық жинақтау банкі» және басқа құжаттармен толықтырылды.

Біздің қаламыздың тұрғындарын өлкеміздің танымал тұлғалардың шығармашылық, ғылыми, әдеби-публицистикалық, бейнелеу құжаттары қызығушылық танытуы мүмкін: Федорова  Раиса Самуиловна – тарих ғылымының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, Ермолаев Кирилл Флавианович – геология-минерологиялық ғылымының кандидаты,  Қазақ  КСР ғылым акдемиясы Қ.И. Сәтпаев атындағы геология ғылымдарының интституты Алтай бөлімінің аналитикалық геология секторының басшысы.

2015 жылы облыс мұрағаты Бубличенко Николай Лазаревич -геолого-минерологиялық ғылымының докторы, профессор,  Қазақ КСР ғылым академиясының  корреспондент мүшесі, Қазақ КСР ғылым академиясының Алтай ғылыми-зерттеу тау-металлургия институтының директорының орынбасары, Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы – ақын, жеке коллекционер; Егорина Анна Васильевна – география ғылымдарының докторы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры; Алексеенко Николай Владимирович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Өскемен қаласының құрметті азаматы;  Рахвалов Николай Семенович – Шығыс Қазақстандағы Кеңес Үкіметін орнатуға қатысқан, өлкетанушы.  Сонымен қатар басқа  да құжаттармен толықтырылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағат өзінің мұрағат қоймаларын атаулы және мерейтойларға арналған  фотосуреттермен және бейнесюжеттермен толықтырды.  Бұл «Краеведческие чтений», Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен «Первые газеты Усть-Каменогорска» атты конференциядағы фотосуреттер, «Туған ел – алтын бесігім» гала концерт, облыстық мемлекеттік мұрағатының оқырман залында өткен «Я виновен в том, что я невинен, только в этом моя вина...» атты саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған көптеген басқа да бейнесюжеттер.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru