Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Тәуелсіз елім – тұғырлы, болшы мәңгі ғұмырлы!» атты көрменің тұсаукесері

2015 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Тәуелсіз елім – тұғырлы, болшы мәңгі ғұмырлы!» атты көрменің тұсаукесері өтті.

Көрмеге, Қазақстан Республиксын егеменді тәуелсіз мемлекетінің құрылу кезеңдерін көрсететін құжаттар мен фотосүреттер енгізілген: Қазақ Социалситтік Республикасының, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заңдары, жарлықтары, қаулылары; облыстық атқару комитетінің, қалалық атқару комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шығысқазақстандықтардың хәл-ауқатын жақсартуға, тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанның құрылуына бағытталған кең ауқымды әлеуметтік және экономикалық іс-шараларды өткізу туралы шешімдер, қаулылар, тапсырмалар.

Бір аз тарихи кезең ішінде, тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен, саяси және экономикалық дамуда шапшаң серпіліс жасап, Қазақстан көк байрағын шалқытып Ұлы жол өтті.

Осы кезеңде, Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және халықаралық майданда танылғанын әрқашанда айтып өтеміз.

Қазір біздің мемлекетіміз ғаламдық мәселелерді шешуде қатысуға құқысы мен әлеуеті бар, бүкіләлемдік қоғамдастығының толық мүшесі.

Шығыс Қазақстан да өзінің табыстарымен мақтанады.

Мереке қарсаңында – ҚР Тәуелсіздік Күніне орай біздің көрмемізде Шығыс Қазақстан облысының саяси және экономикалық белгілі жетістіктері ұсынылған.

«Тәуелсіз елім – тұғырлы, болшы мәңгі ғұмырлы!» атты көрменің тұсаукесеріне Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ҚР парламентінің бұрынғы депутаты, ҚР қорғау Министрінің орынбасары, ҚР парламентінің бақылау палатасының төрағасы, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі, еңбек ардагері, ШҚО әкімінің қоғамдық кеңесшісі – Қажыбаев Амангелді Қажыбайұлы; ШҚО бойынша ҚР Сыртқы істер Министрлігінің консулы – Имангалиев Совет Қапанұлы және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ  4 курс студенттері, Өлкетану мұражайы қонақ болып шақырылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru