«Еңбек Даңқы» орденінің кавалері
«Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалына ІІ-ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орден кавалері Қорабаев Мұраттың жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтауға түскен, қор №312. Қорға М.Қорабаевтың өміріне қатысты құжаттар кіргізілді: төлқұжат, жеткен жетісітіктері үшін, оқу жөніндегі куәліктері, мүшелік, орден кітапшалары, ІІ - Жарма аудандық конференция делегатының мандаты, қызының қолымен жазылған өмірбаяны; құрмет грамотасы, жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін алған құрмет дипломы, құттықтау хаттары, сонымен қатар жеке түскен, жұбайымен және ұжымымен түскен фотосуреттеры.
Қорабаев Мұрат 1932 жылы 15 шілдеде Қарағанды облысы Кувский ауданы, Девятый ауылында дүниеге келген.
1947 жылы отбасы құрып, жұбайы Қорабаева Дариғамен он бала тәрбиелеп, өсірді.
1951 жылдың қарашасында Жарма аудандық әскери комитетымен Кеңес Әскері қатарына шақыртылды.
Әскерден келгеннен кейін, 1954 жылы «Скотовод» совхозына жұмысқа кіреді, кәсіподақ комитетына түсіп, онда 1992 жылға дейін жұмыс атқарады. «Скотовод» совхозыныдағы жұмыс барысында социалистік жарыстарда жоғарғы көрсеткіштері үшін, ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін күміс, қола медальдары мен ордендырымен, неше мәрте мерекелік грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. «Скотовод» асыл тұқымды мал зауытының дамуына қосқан үлесі үшін «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағына ие болды, 1973, 1975 жылдары Социалистік жарыстардың жеңімпазы атанды.
Жемісті еңбегі үшін Қорабаев Мұрат автомобиль мен төрт «Урал» мотоциклымен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 14 ақпан 1975 жылғы және 24 желтоқсан 1977 жылғы Жарғысымен Қорабаев Мұрат ІІ-ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
1986 жылдың қазанында Жарма аудандық конференциясының делегаты болып сайланды.