Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ардагер - асқақ және құрметті есім

Жарма филиалына Ұлы Отан соғысының ардагері Қожахметов Кабдулкәрімнің жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданған. Қожахметов К. 1920 жылы Семей облысы Шар ауданы Кезенсу ауылдық Кеңесінің Қызыл Шар ауылында туған.

Еңбек жолын Шар стансасының Локомотив депосында бастады.

1940 жылы Шар аудандық әскери комиссариатымен Қызыл әскер қатарына  шақыртылып, 1941 жылдың 12 қаңтарында әскери ант берді. Ұлы Отан соғысын эксплуатациялық теміржол полкінің 2 бөлімшесінде өтті. Варшаваны босату, 1945 жылы Берлинді алу шайқастарына қатысты.

«За освобождение Варшавы», «За Победу над Японией», «За взятие Берлина» медальдарымен мараппаталған.

1946 жылдың наурыз айында демобилизацияланып, туған Шар қаласына оралды.

Шар вагон депосында қараушы болып жұмыс істеді.

1949 жылы отбасы құрып, жұбайы Тлепова Айтбаламен төрт қыз, үш ұл тәрбиелеп, өсірді.

Біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін, қан майданда қаза тапқандардың ерлігін  мәңгі ұмытпаймыз, ортамызда жүрген ардагерлеріміздің жүрекжарды әңгімелерін тындай отырып, оларға гүл шоқтарын сыйлаймыз.

Ардагер асқақ және құрметті есім. Оларға зор құрметпен, қамқорлықпен және ілтипатпен қарай отырып,  өмір жолдарынан үлгі алуымыз қажет.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru