Снегирево ауылының мерей тойы
Мемлекеттік мұрағаттар – бұл халқымыздың естелігі. Жылдың басында аудан әкімшілігіне және Чапаево ауылдық округінің әкімшілігіне Снегирево ауылының мерей тойы жайлы ақпараттық хат жіберілді.
ШҚО Зырян ауданының ең көне ауылдарының бірі Снегирево 2015 жылы 01 қарашада өзінің құрылуына 315 – жыл толуына байланысты мерей тойын өткізді.
Жаңа бастауыш мектептегі мейрамға ауыл қарттары мен жастары жиналды. Ауылдың тарихы мен оның керемет халқы жайлы мереке ұйымдастырушылары айтып берді. Бұл үлкен ауыл жайлы – мұрағаттық құжаттар күәгерлік етеді – енді 94 аула, 286 адам қалды. Мейрам өздері туып өскен ауыл тұрғындарының ыстық ықыластарын және сүйіспеншіліктерін, онымен мақтан ететіндіктерін көрсетеді.
Ауыл тарихы көптеген, көптеген ауылдастардың еңбегімен құрылады. Мейрамға орай ең жақсылардың ішіндегі жақсыларды Мәртебелі сауаттармен және құрмет хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мейрамда ең жақсы жұмысшылардың есімдерін атады: Б.И.Поползин, А.В.Лукьянов, А.М.Ещанов, ең мықты және көп балалы жанұялылар – Родионовтар және Бердюгиндар есімдері де аталды. Ауылда ауруда да қайғыда да, қуанышта да жамандықта да бірге болып, алтын тойға дейін жеткен жұптар бар. Олар Родионов Михаил Павлович және Лидия Яковлевна, Бердюгин Дмитрий Герасимович және Татьяна Андреевна от басылары.
Міне, Снегирево ауылы үш жүз жылдай зыряндық жерінде нық тұрып, өзінің керемет ұл және қыздарын елімізге береді, бұндай керемет тарих әр бір ауылдарда бола бермейді. Осы ауылда бұрынғыдай жаңа от басылары құрылып, сәбилер дүниеге келеді. Снегирево ауылында тұратын көп балалы аналарды марапаттады –Абдулаева Евдокия Илларионовна, Сундеева Любовь Яковлевна, Бердюгина Татьяна Андреевна.
Соңғы жылдары ауыл экономикасы жеке меншік бизнеске арқаланып отырды. Ауылда 4 ауылшаруашылық құрылымы бар: к/х «Снегиревское» және «Снегиревское» ЖШС, олардың басшысы Литуев В.А., к/х «Восток», «ЕСМ + Восток» ЖШС - басшысы Ерышев С.М., 2 дүкен, бастауыш мектеп, медпункт. К/х және «Снегиревское» ЖШС-нің ең жақсы жұмысшылары округ әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды, олар механизатор - Поползин Борис Иванович, Ещанов Айкен Маратович, токарь –Лукьянов Анатолий Викторович.
Таза әрі абатталғал ауыл ішімін жүру бұл бір мәртебе. Бұл жерде де халықтың салған үлкен үлесі бар: Гридина Людмиланың, Юрова Галинаның, Муйтунова Юлияның, Пяткова Надежданың, Фомина Людмиланың, Пантелеева Людмиланың, Пеняева Надежданың, бірақта жаз бойы гүлді мекенімен тек Бердюгина Татьяна Андреевна мақтан ете алады.
Жақында ауылда Қарттар күнін атап өтті, бұл мереке күні өмір бақи Снегирево ауылында өмір сүріп келген Сундеева Валентина Агафоновнаны құттықтады.
Осы жылдың көктемінде ауылдың ішін топан су басып қалған еді, бірақта бүкіл Шығыс Қазақстан облысы оларға көмекке келді, сонымен қатар олар өздері білек күштерін біріктіріп, бұл оқиғаға төтеп бере алды. Ең бастысы, ауылда адам өлімдері болмады, бұған: Сундеева В.А., Матвеева А.С., Пеняева А.В., белсенді қатысты, сол белсенді еңбектері үшін мереке кезінде оларды марапаттады.
Бұл мереке ауыл тарихына еңгізіліп, есте қалу үшін мерекеге жергілікті телекөрініс пен мұрағат қызметкерлерін қонақ етті.
Ал мерекенің аяқталуына орай, Чапай ауылдық округінің дарынды әртістерімен әзірленген мереке қонақтарына, снегиревалықтардың қолымен арнайы дайындалған дастархан жайылды.
Мереке ашық жарқын болды, бұл жайлы жылы естеліктер халықтың жадтарында ұзаққа қалады.