Тарихи-құжаттық көрменің тұсаукесері
2015ж. 23 қазанында Д. Серикбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мен Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ бірлесе әзірленген «Қазақстанда түсті металлургияның құрылу тарихы» атты тарихи-құжатты көрменің тұсаукесері өтті.
Көрмеде, Қазақстанда түсті металлургияның құрылу тарихын ашып көрсететін бірегей құжаттар ұсынылған. Шығыс Қазақстан облысының жетекші түсті металлургия кәсіпорындарының мұрағаттық деректері мен материалдары бойынша аумақтың индустриялық дамуда тау-металлургиялық өнеркәсіптің құрылу тарихы және рөлі, оның батыл өткен және осы кезеңі, экономика саласында жетістіктері мен табыстары көрсетілген.