Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Артына өлмейтұғын сөз қалдырған...

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттары мен сүреттері негізінде Ұлы қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл, классик, қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушысы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 170-жылдығына арналған «АРТЫНА ӨЛМЕЙТҰҒЫН СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН... БЕССМЕРТНЫЕ СЛОВА ТЫ ОСТАВИЛ МИРУ…» фотоқұжаттық көрме дайындалған.

Көрмеде келесі құжаттар көрсетілген: Өскемен қалалық әкімшілік басшысының 06.02.1995 жылғы № 1-5алалық солист-инструменталисттер, вокалисттер, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқушылар «Абайдың өлеңдері мен қара сөздері әлі де айтылады» атты байқауының өткізілуі туралы» жарлығы, Өскемен қалалық әкімшілік басшысының 25.05.1995 жылғы № 1366 «Новошкольная көшесі мен Школьное тас жолы Абай даңғылына және Юбилейная көшесі Михаэлис көшесіне қайта аталуы туралы» Қаулысы, Өскемен қалалық әкімшілік басшысының 25.05.1995 жылғы № 1367 «Өскемен қаласында Абай Құнанбаевтың туған күнінен 150-жылдығын мерекелеу туралы» Қаулысы, 1995 жылының 4 тамызында сағат 9.00-ден сағат 10.00-ге дейін Абай Құанбаевтың 150-жылдығына орай мемориалдық тақтаның ашылуына арналған митингтің өткізілуіне байланысты, Өскемен қалалық әкімшілік басшысының 02.08.1995 жылғы № 6-62р «Новошкольная көшесі бойынша көлік жүрісін тоқтату туралы» жарлығы орналасқан. Сонымен қатар, көрмеге фотосүреттер де қойылған: ШҚО Абай ауданының Қара ауыл ауылындағы Абай ескерткіші, Өскемен қаласында Тәуелсіздік алаңында Абай ескерткішінің ашылу рәсімі. 2009 жыл. Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайында және Жидебайдағы Абай ат. мемориалдық мұражай-қорығында Абай – Шәкәрім кесенесі.

Көрме, Головкова, 26/1 көше бойында орналасқан облыстық мемлекеттік мұрағаты ғимаратының фойесында рәсімделген.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru