Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

А.А.Аубакировтың «Мои четверостишия...» атты жинағының тұсаукесері

Алдияр Ақылбекұлы Аубакиров, ақын, өлкетанушы, коллекция жиюшы, мұрағатшы, коөп деген очерктердің, Шығыс Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған адамдар туралы сүреттемелердің авторы.

А.А. Аубакировтың әдеби қайнар көздерін зерттеулері, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуі, көп деген іс-шараларда қатысуы арқасында бірегей тарихи материалдар жинақталып, «Жазира» (2004), «Агриппа» (2004), «Сағыныш» (2006), «Абай және Сальери» (2008), «Рапиық» (2009), «Ер-Сәтбек» (2011), «Жарылғап батыр» (2012), «Соңғы монолог» (2012), «Бәйтерек» (2013) және «Мои четверостишия...» (2015) және тағы басқа кітаптар жарық көрді.

«Мои четверостишия...» жаңа жинағында автордың туған жеріне, сүйікті қаласына және оның тұрғындарына деген махаббаты, әйелге құрметпен қарау, отан қорғаушыларға бас ию, өмір туралы толғануы сүреттелген әртүрлі бағыттағы және жанрдағы лирика ұсынылған. Жаңа кітаптың шарыққа шығуы автордың өмірінде әрқашан үлкен оқиға болып саналады. Көркемөнер адамдар ешқашан бір «орында» тұра алмайды, айналада болып жатқанның бәрін ойға салады, болған оқиғалардан, кездесулерден, қош айтысулардан әсер алады. Алған әсермен айналадағылармен бөліскісі келеді. Ал олар оны түсіне ме?! Бәріне деген шексіз махаббатын сезе ала ма?!

Өзінің жаңа өлеңдер жинағын, Алдияр Ақылбекұлы, сүйікті, көрікті, әсем қаласы Өскеменге, оның мерейтойына – 295-жылдығына арнаған.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru