Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Хафиза Мустафина атындағы мектепке 50 жыл

19 қыркүйек 2015 жылы Зайсан қаласындағы Х.Мустафина атындағы мектепке 50 жыл, «Ленин орденді» ұстаз Хафиза Мустафинаның есімі берілгеніне 20  жыл толуына  орай, осы аталған мектепте ұстаздың өмірімен,еңбегі айшықталған мұражай бөлмесінің  ашылу салтанаты өтті.

Бұл шараны ұйымдастырып,ұйытқы болған  ұстаздың қыздары Казак ССР-нің еңбегі сіңген дәрігері, Зайсан қаласының Құрметті  Азаматы Бақтыбаева Қазима Ихсанқызы және еңбегі сіңген партия қызметкері, Алматы қаласы Медеу ауданының «Нұр Отан»  партиясы  және Парламенттік ардагерлер ұйымдарының жетекшісі Фарбиза Асановалар қатысты. Құрметті шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, аудан әкімі Алмас Ондақанов, мәслихат хатшысы Дәукеш Ыдырышев және мекеме басшылары,қала жұртшылығы қатысып ұстаздың өмір жолдарына тоқталып естеліктерін айтты.

Марқұм Х.Мустафинаның балалары осы мектептің табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларының әрқайсысына 5 мың теңге салынған конверт ұсынып, мектептің спорт залына спорт жабдықтарын, қомпьютерлер сыйға тартты. Мектеп ұжымы да ризашылықтарын білдіріп, камзол кигізіп, жаулық жапты. Соңынан жиналған қауымға аналарына бағышталған қатым-ас берілді.бұл іс-шараларға мұрағат директоры Виктор Николаевич Козлов қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru