Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҚР Конституция күніне 20 жыл

28.08.2015 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті.

Бұл жиында көптеген мекемелердің қызметкерлері ат салысты, оның ішінде ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлеріде ат салысты.

Осыған байланысты салтанатты жиында, «Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамассыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай –ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметіне» атты медальдармен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар ата заңымызбен бірге өмірге келген Конституция құрдастарына және осы мерекеге тұспа – тұс келіп, 16 жасқа толып алғаш жеке куәлігін алған бойжеткендер мен бозбалаларға аудан әкімінің аманаты табысталды. Жиын мерекелік концертпен жалғасты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru