Кітаптардың тұсаукесері
2015 жылдың 23 маусымында облыстың мемлекеттік мұрағатының оқу залында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған И.А. Григорьевтың «Город вещих снов» атты жинағының және «Вип-персона исторического факультета» атты жинағының тұсаукесері өтті.
Мемлекеттік мұрағатының қор құрушыларының бірі, Игорь Анатольевич Григорьевпен жазылған «Город вещих снов» жинағы, Ұлы Отан соғыс жылдарында «Мосфильм», «Ленфильм» киностудияларының, БМКИның және атақты кеңес әртістер, жазушылар мен сүретшілер ерен жүрек тобының Алматы қаласына көшіп келуі туралы әңгімелейді. Жинаққа әртістердің, режисерлердің, жазушылардың және сценаристердің еске алулары кірген. Бұл кітап мамандарға және кинематография әуесқойлар тобына арналған.
«Вип-персона исторического факультета» атты жинақ, тарих ғылымының кандидаты, Өскемен педагогикалық университетінің тарих факультетінің деканы – Васильий Игнатьевич Петровтың туған күнінен 90-жылдығына арналған. Жинақ, ӨПИ тарих факультетінің түлектері, И.В. Дурново (Петрова) және И.Б. Каланчинамен (Никитина) дайындалды. Жинақта мерейгердің ғылыми мұрасының бір бөлігі, достарының, әріптестерінің және тарих факультетінің әр жылдардың түлектерінің еске алулары көрсетілген.
Тұсау кесер рәсімінде, авторлардың кітап жазылуы туралы әңгімелері қосақталды, сол күндердің замандастарының еске алулары келтірілді. Тұсау кесер рәсімінде шақырылған қонақтар мен телевидение қатысты. Тұсау кесер, шақырылған қонақтардың еске алуларымен және тілектерімен аяқталды.