«Президенттік сынамалар»
2015 жылдың маусым айының 2 жұлдызында Аягөз ауданында мемлекеттік қызметте өтеп жүрген мамандар және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлері: А.Ахметкалиева, А.Байтулеуова, С.Оразалинов «Президенттік сынамалар» нормативін орталық стадионда тапсырды. Барлығы 200-дей адам қатысты. Олар 100 және 3 мың метр (қыздар 1 мың метр) қашықтыққа жугіру, орнынан ұзындыққа секіру, турникке тартылу (әйелдерге арқасынан жатып денесін көтеру) сияқты сынға түсті.
Басты мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың денсаулығын, дене дайындығының қай деңгейде екенін анықтау.