Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Семинар өткізілді

28 мамыр 2015 жылғы сағат 10-00 -де Зайсан филиалы мұрағатының ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде семинар-оқуы өткізілді.

Семинарға аудан көлеміндегі ауыл округтерінің әкімдері,әкімшіліктің бас маман қызметкерлері, қалалық әкімшілік қызметкерлері,қала ұйымдарының басшылары мен  23- мектеп директорлары, бухгалтерлер жиыны 96-адам қатысты. Мемлекеттік «Мұрағатқа өткізуге дейінгі уақыттағы іс-құжаттардың сақталуын қамтамассыз етуге жауапкершілік, өңдеуге дейінгі сатыдағы құжаттарды рәсімдеу, істерді қалыптастыру және сақтау, мұрағатқа тапсыру, мұрағаттық анықтамаларды беру қызметі, жеке тектік құжаттарды жинақтау» тақырыбымен өткізілген семинар өте қызғылықты және кең көлемде өтіп, семинарға қатысушылар көптеген күнделікті жұмыс барысында кезігетін қиындықтарымен бөлісті. Мұрағат директоры В.Н.Козлов, мұрағатшылар А.Ж.Дюсюпжанова, М.И.Рычкова, Г.К.Етекбаева,Г.Бабировалар сөз сөйлеп, құжат үлгілеріне буклеттер дайындалып, қатысушыларға құжат үлгілері таратылып,слайдтар  көрсетілді. Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Дуйсембаева, ауыл округ әкімдері сөз сөйлеп,  өткізілген семинардың маңыздылығын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді. Семинардың жақсы деңгейде өтуіне, ұйымдастыру шарасын ұйымдастыра білген жинақтау бөлімінің мұрағатшысы Гулназ Бабированың еңбегі ерекше болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru