Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Майдан, тыл ардагерлеріне- тағзым!» кітабы жарыққа шықты

Зайсан ауданы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойына аудан әкімшілігінің қолдауымен, ардагерлер Кеңесінің бастамасымен «Майдан, тыл ардагерлеріне-тағзым» атты кітабы басылып шықты.

Бұл кітапты жазғандар зейнеткер журналист «Достық» газетінің редакторы қызметін атқарған, ардагерлер Кеңесінің мүшесі Б.Жапаров,ардагерлер  Кеңесінің төрағасы Т.Мырзаханов, өлкетанушы Қ.Алтыбаевтардың еңбектері зор.Зайсандықтардың майданда ерлікпен шайқасқаны, аудан бойынша 6569 адам соғысқа аттанып, олардың 2632-і Отан үшін өмірлерін қиғаны жөнінде, тылда мыңдаған қариялар мен әйелдердің, жасөспірім балалардың өлшеусіз еңбектері, тыл ардагерлерінің естеліктері жазылды.Кітапқа 600-дей фотосуреттер, 1000 -дай өмірдеректер, баспасөзде жарияланған мақалалар басылды. 400 беттік әдемі айшықталған кітап ауданымыздың соғыс жылдары басынан кешірген қасіретті күндерін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында жазылған.

Бұл кітаптың дайындалуына мұрағат құжаттары: «1941-1945 жылдары Қажырлы еңбектері үшін марапатталған» тізімдері, мұрағат директоры В.Н.Козловтың «Гвардейцы тыла» атты мақаласы, мұрағатшы-зейнеткер А.Л.Панованың өмірбаяны мен фотосуреті, көптеген ардагерлердің өмірбаяндары, фотосуреттері берілді. Бұл кітаптің дайындығына Зайсан мұрағатшылары да ат салысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru