Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жеңістің 70 - жылдығына арналады…

2015 жылдың 17  сәуірінде ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Риддер филиалының оқу залында «Қуаныштан жанарыңа жас толатын мейрам» фотоқұжаттық көрмесі пайдалануға беріледі. Көрме Германия фашистерін Кеңес халқы Жеңісінің  70 - жылдығына арналады.

Көрменің төрт планшетінде Лениногор каласының Кеңес Одағының Батырлары, (1941-1945жж.) Ұлы Отан Соғысының ардагерлері туралы керемет құжаттар орналастырылған. Бұл: соғыс жылдарының сурет және соғыс әрекеттері туралы ардагерлерін еске түсіру суреттері. Көрмелерді дайындау барысында Риддер – Лениногор қаласының тарихы бойынша жиналған құжаттардың жиынтығынан алынған мұрағаттық құжаттары, жеке текті құжаттар, мұрағаттың ақпараттық – анықтамалық қорының құжаттары пайдаланған. 2009-2010 жж. өздерінің құжаттарын мемлекеттік сақтауға мұрағатқа тапсырған соғыс ардагерлерінің: Н.Т. Польниковтың, Н.Г. Пановтың, И.Т. Неслюзовтың, А.И. Давыдовтың құжаттары толығымен пайдаланылды. ҰОС ардагерлері туралы құжаттарынан басқа «Қуаныштан жанарыңа жас толатын мейрам» атты көр-меде тарихи құжаттар көрсетілген, олар: Германия қарулы күштерінің сөзсіз берілуі туралы акт жазбасы, Кеңестік Үкіметінің Жеңіс Күнің тойлау туралы бұйрықтары, Қаулылары сонымен қатар Риддер – Лениногор қаласы үшін тарихи құндылығы бар құжаттары – Лениногор қаласында 1945 жылының 9 мамырында өткен салтанатты шеру туралы жазылған «Қызыл Әскер Жасасын, Ұлы Сталин Жасасын!» атты мақала; 1967, 1975, 1984-1985, 2009 жж. бойынша Жеңіс Күнің атап өтуге арналған шерулердің фотоқұжаттары және қаланың қоғамдық ұйымдарының ҰОС ардагерлерімен өткізілген жұмыстары туралы құжаттар. Көрме майданда Отанымызды қорғаған батыр әйелдер М.П. Беляева, А.В. Эйногаз, тыл Батырлары, стахановшылар Е.В. Егизбаева, А.П. Давыдченко, А.П. Казакова – Демидова туралы хабарлайды. Көрмеге  өте тарихи құндылығы бар құжаттар еңгізілген, олар:  Қазақ КСР Лениногор қаласы еңбекшілерінің И.В. Сталинге Қорғаныс Қорына қаражатты аударғаны, өндірістік көрсеткіштерін қаланың кеншілері және металлургтары асыра орындағаны туралы жазған жеделхаты және Лениногор қаласының еңбек-шілеріне И.В.Сталиннің жазған үкіметтік жауап жеделхаты. Мұрағат құжаттарының арасында «Еңбекші Лениногор - майданға» мақаласы (Облмеммұрағаты Лениногор дербес бөлімшесінің директоры Р. Кузнецова), «Олардың алдында шексіз қарыздармыз» Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945 жж. Лениногор полиметал комбинаты жөндеу - механикалық базасының қызметкерлерінің еңбектік батылдығы туралы жазылған мақалалардың көшірмесі көрсетілген.

Көрме бойынша жоспарланаган шаралар жүргізіледі.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru