«Ешкім де ұмытылмайды, еш нарсе де ұмыт қалмайды»
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының фойесында «Ешкім де ұмытылмайды, еш нарсе де ұмыт қалмайды» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме Аягөз филиалы қорындағы сақталымдағы жеке тектік құжаттардың құрамымен құрастырылған. Көрменің үш тақтасында О.Сабитов, С.Касьянов, И.Айнажаров, Б.Бородиннің фотосуреттері, марапаттары, соғыстан келген хаттары және тағы басқа құжаттарымен толықтырылған.