«Поклонимся и мертвым, и живым» атты кітабының тұсаукесер рәсімі
2015 жылдың 29 сәуірінде «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Ұлы Отан соғыс туралы КАНАRMAN.KZ республикалық интернет-порталының тұсаукесерін өткізді. Оның мақсаты: фашизмның басқыншылығын жеңіп шығуына қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы қол жетімді, қызықты, танымды түрде жеткізу.
Сонымен қатар, осы іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ мен «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесе басып шығарған «Поклонимся и мертвым, и живым» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітапқа хаттар, майдан күнделіктері, Ұлы Отан соғысының қатысушыларының еске алулары, бұрғышы, бекіткіш, тракторист, жүргізуші ауыр мамандықтарды меңгеріп алған, соғысқа дейін еркек еңбегінің монополиясын құрған әйелдердің еңбек ерлігі туралы құжаттар енді. Құжаттар Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ қорларында айқындалған.