«Менің Қазақстаным» поезды Аягөз қаласында
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Менің Қазақстаным» арнайы поезды 15 сәуір күні Аягөз қаласына келді.Осыған байланысты: «Нұр Отан» кеңсесінде Қазақстан Республикасы мәжіліс депутаттарының қоғамдық қабылдауы; «Қозы Көрпеш –Баян Сулу» мәдениет сарайында әлеуметтік кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының қызметі, техникалық түгендеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша кеңестер берілді.Сондай-ақ кешке орталық алаңда эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Осыған ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалының мұрағатшылары Кенжебекова Ж., Байсеитова А., барып қатысты. Кездесу соңында Аягөз халқы өзінің ризашылығын білдіріп, осындай кездесулер жиі болғандарын қалайтындарын айтты.