«Жадыда тұрар жаңғырып...»
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында кеңес халқы неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында ШҚО мемлекеттік мұрағатымен төрт көрмеден құрылатын «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - ұран» атты көрме даярланды. Қазіргі уақытта, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қатысқан шығысқазақстандықтарға арналған көрме қойылды. Көрме, құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсырған А.В. Потаповтың, М.Ш. Мусинның, И.Г: Макеевтың, П.И. Селезневтың, К.К. Жаманбаевтың, П.Н. Кухнецовтың, С. Аманжоловтың және басқа ҰОС ардагерлерінің жеке қорларының құжаттары бойынша әзірленген. Сондай-ақ, көрме дайындау барысында «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында 1941-1945 жж.» құжаттар топтамасы, «ШҚО тарихы бойынша құжаттар топтамасы», «Партия, соғыс және еңбек ардагерлерінің еске алулар топтамасы» және «Большевик Алтая», «Дидар» газеттері қолданылды.