Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жазушымен шығармашылық кездесу

2015 жылдың 13- ші наурызда Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ Зырян филиалы ғимаратында «Звено Алтая» атты Шығыс Қазақстанның әдеби бірлестігі құрамына еңген, «Бұқтырма кемпірқосағы» поэзиясын жақсы көретін клуб төрағасы,  зыряндық жазушы және ақын Медведева Нина Григорьевнамен кездесу өткізілді.         Нина Григорьевна өзі және шығармашылығы жайлы  мұрағатшыларға әңгімелеп берді.  Ол жас кезінен бастап әңгімелерді және очерктерді жаза бастады, және шығармашылық жұмыстары «Шығыс Таңы», «Рудный Алтай», «Караван», «День за днем» газеттерінде жарияланған.

Шығармашылық іскерлігінің  бастамасы жайлы әңгімелерді және өлең жолдарын оқыған Медведеваны мұрағат қызметкерлері үлкен қызығушылықпен тындады.

2008 жылы «Алтын Тұрғұсұн» Халықаралық фестивалінде қатысушы ретінде болғаннан кейін, Нина Григорьевна Зырян қаласы поэзиясының өткен даңқын қайта шығаруды шешті. Бір жылдары біздің қаламызда «Пикет» атты әдеби бірлестік болған, бірақта ауыспалы кезең кезінде ол күйреді.  Нина Григорьевна - Асташенко Ольга, Мигай Николай, Екатерина Панова есімді жастардың арасынан ақындарды және  жергілікті өлең жазушыларын жинап алды.  2008 жылдың 19 –шы қазанында «Родник Алтая» ақындар клубының ашылуы өткен.  Медведева Н. Г. «Бұқтырма кемпірқосағы», «Окна в сад» екі альманахтың бас редакторы және жандандыру ойы бойынша авторы болды. Оларда ауданымыздың әйгілі және жас ақындардың өлеңдері жарияланған.

2010 жылы «Бұқтырма кемпірқосағы» өлеңдер жинақтар клубының аты өзгертіліп, сол қалпында, яғни «Бұқтырма кемпірқосағы» болып қалды.  

Нина Григорьевна  -  бір неше жинақтардың авторы:  «Калиновое  вино»,  «Танец горностая»,  «Пять шагов до пустыни».

        

Мұрағат жазушының шығармашылық өсуін бақылап отырады, сонымен қатар болашақта Нина Григорьевнаның құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа жинақтаумен айналысуды жоспарлап отыр.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru