Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Федорова Р.С.

Раиса Самуиловна Федорованың (15.12.1939 ж. т.) жеке текті құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілді – Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, өлкетанушы.

Р.С. Федорованың ғылыми- және ғылыми-педагогикалық қызметі бойынша, ғылыми жұмыстар, пікірлер, пікірсараптар, Р.С. Федорованың жетекшілігімен орындалған курстық және дипломдық жұмыстар, Р.С. Федорованың өмірбаянына құжаттар, өз жұмысына жинақтаған және қызығушылық танытқан құжаттары.

Раиса Самулиловнаның жұмысы көбінесе өлкетану мен мұражайтану пәндерін оқытумен, өлкетану тәжірибесін, мұрағат-мұражай тәжірибесін ұйымдастырумен байланысты болды. Мұражай-өлкетану аспекті оның барлық жарияланымдарына да тән. Жалпы алғанда ол кісіде «Рудный Алтай», «Алтайский курьер» беттерінде және кейбір басқа жергілікті баспаларда әр жылдары жарияланған мақалаларды есепке алмаса, 52 күнделікті және әр апталық баспасөзі бар.

2002 жылдан 2011 жылға дейін күн сайын «Основы исторического краеведения и музееведения» атты оқу құралының үстінде жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде баспасөзде сол оқу құралдың үш бөлімі басылып шықты, оның біріншісі шығарылымдарға бөлінбеген, ал екіншісі мен үшіншісі – әр қайсысы екі шығарылымға бөлінген, барлығы үш бөлімі бес бөлек басылымға «жайғасты». 2011 жылы оқу құрал басылымдарының тағы бір нұсқасы жарық көрді: бір кітапта оқу құралдың барлық бірінші мен екінші басылымдары бір нұсқаға бірікті, ал оқу құралдың үшінші бөлімінің басылымы бұрынғыша екі дербес басылымға бөлініп отыр. Осы жұмыстардың барлығы Р.С. Федорованың жеке текті қорына кірді.

Р.С. Федорованың жеке текті қорының құжаттары, «Тарих» мамандығы бойынша оқитын студенттер, Қазақстан тарихы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан» тарихы бойынша сабақтар жүргізетін педагогтар үшін қызығушылық танытады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru