Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қазақтың Ұлттық асханасы конкурсы

2015 жылдың 20 наурызында Зырян қаласының Тілдерді оқыту орталығында көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңына байланысты «Ең жақсы ұлттық тағам» атты бойынша, кім ұлттық тағамды жақсы әзірлейді деген сайысы өткізілді.  «Зырян ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Зырян ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ, Зырян ауданы әкімдігінің «Болашақ» балалар бос уақыт орталығы» коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Зырян ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ, Зырян ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Зырян филиалының аудармашы-мұрағатшысы М.А.Асылбекова да электронды презинтация мен қазақтың ұлттық тағамын әзірлеп қатысты.

Бұл мерекелік сайысында әділ қазылар алқасы болып Зырян ауданы әкімінің орын басары А.А.Светаш, әкімшіліктің ішкі істер саясаты  бөлімінің басшысы Ж.А.Матаева, Зырян ауданының мәдениет бөлімінің басшысы М.К.Советбекова отырды. Қатысушылар мен көрермендер жақсы көңіл күймен отырып қазақтың дәстүрлі әрі ұлттық тағамдарынның ерекшеліктерімен танысты және білді. Қазақ мәдениет орталығымен ұлттық музыкалық нөмірлері және баланы бесікке салу рәсімін көрсетті. Конкурстың аяғында Асылбековаға грамота мен сыйлық тапсырылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru