«Қазақстан әйелдері ҰОС жылдарында 1941-1945жж.»
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында кеңес халқы неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында ШҚО мемлекеттік мұрағатымен төрт көрмеден құрылатын «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - ұран» атты көрме даярланды. Қазіргі уақытта, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қатысқан Қазақстан әйелдеріне және тылдағы әскери қызметкер-әйелдерге арналған көрме ұсынылып отыр.
Көрме дайындау барысында Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында 1941-1945 жж. жинағының, Өскемен құрылыс-жол және педагогикалық институттарының КОКП тарихының оқытушысы, доцент, тарих ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Андрей Викторович Потаповтың жеке текті қорының құжаттары қолданылды, 1941-1945 жылғы мерзімді баспасөз іске қосылды: «Большевик Алтая», «За коммунизм», «За большевистские колхозы» және мемлекеттік мұрағатымен Жеңістің 65-жылдығына шығарылған «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында 1941-1945 жж.» атты құжаттар, еске алулар жинағы пайдаланылды.