"Барлығын есімімен есімізге аламыз"
Катонқарағай ауданында типтік мұрағат мекемесі болмағандықтан, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, бұрынғы Үлкен Нарым ауданының басқармалық құжаттары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Зырян филиалында сақталған.
Облыстың және ауданның өмірінде үлкен бір оқиға болардың алдында маслихат өкілдері, осы аудан мекемелерінің жүргізушілері мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеу үшін Зырянға келеді. Мұрағаттың оқу залында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, өздерін қызықтырған құжаттар шығарарылып беріледі. Өткен жылдары жан - жақтылы адамдармен, адамдар мен ауданның тарихын көрсететін, өңірдің көтеріліп, құрылуы үшін жасаған игі істері жайлы қатарынан құжаттар табылған еді. Зерттеушілердің жұмыс қорытындыларын Катонқарағай ауданы әкімшілігінің арнайы сайтынан табуға болады. «Құрметті азаматтар» айдары бойынша ауданымыздың 50 –ге жуық еңбегі сіңген қайраткерлері жайлы ақпараттар беріледі.
Мұрағаттың оқу залында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуына байланысты маслихат секретарі Д.З. Бралинов, маслихат аппаратының жүргізушісі Б.К.Болаев, Катонқарағай аграрлы-техникалық колледжінің директоры С.Д.Кудабаев, өлкетану мұражайының директоры О.М.Кажаев келіп жұмыс істеді. Олармен соғыс жылдарында катонқарағайлықтар мен үлкеннарымдықтардың Жеңіске деген істері, жұмыс істегендері жайлы күәгерлік ететін бір неше құжаттар тапты.
Еліміздің кейінгі ұрпақтарының негізгі борыштары – жеңімпаз ұрпақтың алдында борышты – Ұлы Отан соғысының тарихы жайлы естелігін сақтап қалу, қайтыс болған бір де бір жауынгерді естен шығармау, Ұлы Отан соғысында ерлік еткен және еңбек фронтында жұмыс істеген тірі ардагерлерге құрмет көрсету.