Халықаралық әйелдер кұніне арналған салтанатты жиын
2015 жылдың 6 наурыз күні Жарма аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға ауданымыздың әр салада жұмыс істейтін әйелдер шақырылды. Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов құттықтау сөз айтып, бірқатар әйелдерді алғыс хаты, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Жарма филиалының жұмысшысы Мамаева Гүлнұр Берлібекқызы марапатталды.
Салтанатты жиын әрі қарай мерекелік концертпен жалғасты.