Ұлы Отан соғысы ардагерімен сұғбат
2015 жылдың ақпан айында ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы «Мемелекеттік мұрағат» ҚММ Риддерлік филиалының мұрағатшысы Галина Давыдова филиалда мемлекеттік сақтауға құжаттар жинау мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Иванович Медведевпен кездесті. Құжаттар өңделген соң Совет Одағы қаһармандарының, лениногорліктердің, соғыс ардагерлері мен еңбеккерлерінің ата - тек құжаттарымен бірге «Лениногорск - Риддер қаласының ататегі топтамасының» № 53 қорына енгізіледі.
1943 жылдың 13 қарашасында Иван Медведев Совет Әскерінің қатарына шақырылып, Барнаул қаласының 16 аймақтық мергендер мектебіне жолданылады, 1944 жылдың мамырында 51 мергендер қосалқы полкына мерген болып орналасады.
Иван Иванович Медведев 1944 жылдың шілдесінен қазан айына дейін Белоруссияның жауынгерлік істеріне қатысқан. 55-ші Мозырьской атқыштар дивизиясының 111-ші Краснознамен атқыштар полкінде мерген болды. 1944 жылдың қазанында Белотокте сержанттар мектебінде оқыды. Мектепті аяқтағанннан соң 1950 жылдың қыркүйек айына дейін Филяндияның (солтүстік – батыс шекарасын нығайту – шекара күзеті 18 км ұзақтықта) Порклаут түбегінде қызмет жасады.
Әскери іскерлікке қатысқаны үшін, мінсіз қызметі үшін «Германиядағы Жеңісі үшін» (09 мамыр 1945ж.), Совет Одағының Маршал атындағы Жуков Г.К. (1996ж.) мерейтой медальдарымен марапатталған.
Медведев И.И. Лениногорск қаласына 1953 жылы келген. Ол орталық механикалық шеберханасында (кейіннен Жөндеу-механикалық база) Лениногорский полиметалл комбинатында фрезерші болып жұмыс жасаған, сондай-ақ «Средазцветметремонт» трест Лениногорск басқармасында газоэлектродәнекерлеуші, Лениногор сыра қайнату заводында қызметтер атқарған және осы жерден құрметті демалысқа шыққан.
Көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» (1978ж.) медалімен, «Социолистік жарыстар Жеңімпазы» (1978, 1980жж.), «9 бесжылдық екпіндісі» (1971-1976жж.) белгілерімен марапатталған, сонымен қатар ақшалай сыйақылармен, бағалы сыйлықтар иегері.