Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зыряндық коллекционер тастардың құпиясын ашуда

Зырян қаласының орталық кітапханасында өлкетанушы, фото түсіруші, минералдардың коллекционері, Зырян тау – байыту комбинаты фабрикасында тасты кесіп өңдеу цехінің негізін қалаған Миков Владимир Феофановичтің арнайы көрмесінің ашылуы өтті.  Көрме «Тастардағы таңданарлықтар» атты  атымен өтті.  Балалық шағынан бастап ешкім көрмеген жерлердің әсемділігін көре алған және минералдардың әлемін түрлі-түсті ерекше және әр қилы,  түр – түсін және пішінін үйлесімді ете алып, қызығушылық танытқандарға көрсете білген адам. Бұл фотосуретшінің шеберлігіне және табиғаттың әсемділігіне көрермендердің сүйіспеншілігін арттырып, таң қалдыратын көрме. Владимир Миков өзінің бірегей тастарды жинақтауын,  50 жылға таяу толықтырып жүр. Сол жерде, барлық әлем минералдарының және жарқырауықтардың үлгілері жинақталған:  Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Норвегиядан, Монғолиядан, Аустралиядан. Минералдарды жақсы көретіннің өзі айтқандай: «Камчаткадан Бразилияға». Минералдар коллекциясының ішінде өңдеуден өткізілген, сонымен қатар бірінші шықан түрлерінің үлгілері де бар.  Және басқалары да әсем көрінеді. Олар өздерінің түрлі түстіліктерімен, пішінімен және даралығымен таң қалдырады. Көптеген агаттық кескіндерде, мысалы үшін, пейзаж және суреттерді көруге болады: таулар, өзендер, ормандар, батысты және шығысты.

Адамдар минералдардың өздеріне жасырып тұрған тылсым күштерге сенеді. Жер бедерінің тереңдіктерінде және тау түрлерінің қалыңдықтарында ғылыммен зерттелмеген  жасырын құпиялары әлі де бар екенін ғалымдар біледі. Біреулер үшін минерал – емдеп жазу және ішкі күш қайнары, енді бірлеріне – қызығушылық және таңданыс құралы.  Бірақта, ешкімді немқұрайлы қалдырмайды.

Миковтің көрмесінде келген көрермендер табиғатымыздың сыйы болған минералдардың таң қаларлық әлемінің әсемділігіне түңіліп, осыншама әр түрлілігіне  шексіз қарап, тамашалады.  Владимир Феофанович бай коллекциясының ішінде ерекше бір орын алған әр минералдың шығуы жайлы тарихын сағат сайын айта алады. Ол бұрыннан бері минералдардың фотосуреттерін түсіріп жүр, ал міне ғана, мол фотоальбом жинағаннан кейін, ол баршаға көрсетуге бел буды:  әдемілігімен бөлісу қажет.  Көрме минерогияны және минералдардың құндылығын бағалайтын қарпайым көрермендерге қуаныш сыйлады.  Адамдарға есім қойылғандай, әр минералда да өзіне тән атаулары бар: агат, алмаз, топаз, сердолик және көптеген басқа да атаулар.  Көрмеге қатысқан кезде ұсқынсыз болып жаратылған тастардың ішкі әсемділігіне қол тігізуге болады.

Көрменің ашылуына әр түрлі адамдар келді: Владимир Феофановичтің жолдастары,  және Миковпен қызықты болатынын, әрі ол ылғи әсем етіп жарататынын білген адамдар.  Ерекше көрме авторына  деген шын жүректен айтылған алғыстарын пікірлер кітабына  жазды. Владимир Феофанович -  білімдар адам, сонымен қатар ол жомарт – өзінің істей алатынымен, білгенімен бөлісе біледі.  Владимир Феофанович – үйрете  алатын, жақсы көретін адам. Көп қырлы әлемді біліп, үйренгісі келгендерді оқыту үшін.

Миков тастар жайлы ақпараттар жинауда. Әр түрлі минералдр жайлы тақырыптық  видео-ролик жасап шығарады.  Владимир Феофанович, прогрессивті және қазіргі заманға сай адамдай, дүние жүзілік  желіге сенім артады.  Өзінің жеке сайтын ашуды ойластыруда.

Фотосуретші, минералдардың коллекционері, саяхатшы, өлкетанушы, Зырян қорғасын комбинаты байыту фабрикасының тасты кесу цехінің негізін қалаған Владимир Феофановичтің қоры Зырян мұрағатында  сақталған. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru