Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанаты
Ұлтаралық татулықты ту етіп, бір шаңырақ астына жиналған Қазақстан халқы, ынтымағы жарасып, айрандай ұйып отыр. Биыл Қазақстандағы ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
06 ақпан 2015 жылы Зайсан қаласындағы орталық мәдениет үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу» салтанатты синхрон-акциясы өтті. Тікелей эфирде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен бастау алған жиынды ауданда тұрып жатқан орыс, өзбек, татар, ұйғыр ұлттарының өкілдері сөз сөйлеп, әр ұлттардың әндері айтылып, билері биленді.
Осы мерекелік айтулы шараға мұрағат ұжымы қатысты. В.Н.Козловтың аудандық «Достық» газетіне «Бейбітшілік пен келісім -басты ұранымыз» атты мақаласы жарияланып, басылып шықты.
Ассамблеяның Қазақстан халқын тұтас ұлт етіп ұйыстыру жолындағы еңбегі орасан зор. Ассамблея халықтардың бірлігі, символы, адастырмас темірқазығы.