Аягөз мұрағатында 63157 сқтау бірлігі бар
ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-нің Аягөз филиалы 1963 жылы 4 мамырда құралған.
Бүгінгі таңда мұрағатта он төрт адам еңбек етеді, оның жетеуі мұрағатшы.
Үш мұрағатшы жоғары білімді, біреуі жоғары санатты, қалғандары орта санатты мұрағатшылар.
Аягөз мұрағатында 63157 сақтау бірлігі бар, аса мақтанатын қорлар бұл соғыс , еңбек және білім саласында қызмет еткен ардагерлердің жеке тектік құжаттары олар С.Сабитов, Б.Бародин, С.Жунусов, И.Айнажаров, Қ.Қалиев, С.Абенов, У.Байшашов , М.Жанжигитовалар.
Сонымен қатар , аудан көлемінде мұрағат қызметкерлері көптеген мекемелерге методикалық көмек көрсетеді. Биыл отыз жеті мекемеге методикалық көмек көрсетіліп, отыз мекеменің істер номенклатурасы бекітіліп берілді.
Аудан бойынша жүз үш мекеме мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылады.
Осы жылдың ішінде аудан халқымен мекемелерден және алыс –жақын шет елдерден 1583 әлеуметтік – құқықтық негіздегі өтініштер түсіп қанағаттандырылды.
Мұрағатшылар тарапынан түсіндірме үшін екі рет аудан көлемінде семинар- кенестер өткізілді . Қызметкерлеріміздің шама - жарқынша аудан және облыс көлеміндегі барлық мәдени және қайырымдық іс- шараларына ат салысуда.
Осы жыл көлемінде талай жылға табысты еңбектері үшін бір мұрағатшымыз (Ж.Кенжебекова) Облыстық басқарма тарапынан марапатқа ие болса , екі мұрағатшы (Т.Тағаев, Б.Бостанова) Облыстық мұрағат тарапынан марапатталды, бұл мамандар он жеті , жиырма жылдай еңбек етіп келе жатқан тәжірбиелі мамандар.
Жастар жағы да заман талабына сай, кәсіби деңгейлерін жоғарлатып отыр. Олар: А.Ахмешов, А.Ахметкалиева, С.Оразалинов, С.Турарбековалар. Енді алдағы жылы аталып өтілетін Ұлы Отан Соғысының 75 – жылдығына көлемді көрме ұйымдастыруды қолға алудамыз, - дейді мекеме директоры Куренкеев Қанағат Селеубайұлы. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби атындағы мемелекеттік университетінің тарих факультетін тарихшы-архивист мамандығы бойынша бітірген. Жанұялы, екі баласы бар.
Шағын ғана ұжым еңбек ететін, мыңдаған жандардың құжаттары шоғырланған мекеме Жаңа 2015 жылды үлкен жетістіктермен зор үмітпен қарсы алып отыр.
С.Сағындыққызы
«Аягөз жаңалықтары», 01.01.2015г.