Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алексеенко Н.В.

Тарих ғылымының докторы, профессор, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Николай Владимирович Алексеенконың жеке текті құжаттары сақтауға қабылданды.

 

Николай Владимирович, өлке және қала тарихын зерттеуде үлкен үлес қосқан тұлға, ӨПИ кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалып, Н.В.Алексеенко, осы жоғары оқу орынның тарихшы-студенттеріне, елде алғаш рет болса керек міндетті өлкетану курсын енгізуді дегеніне жетткізді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ішінде, ол республикада бірінші болып демография институтын ашты, онда димпломды демограф-мамандар дайындалуы жүзеге асырылды. Николай Владимирович, Қазақстанда тарихи демографиясын дамытуда зор қызметі үшін Қазақ СРО Қысқа энциклопедиясына енгізілді.

 

Ғылыми-педагогикалық қызмет атқару жылдарында, мерзімді баспасөзінде және ғылыми басылымдарда 20 монография мен 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялады. Оның жетекшілігінің астында, тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Отандық тарих» мамандығы бойынша 9 диссертация қорғалып, 10 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді.

 

Николай Владимирович өзінің ғылыми сабақтарын үлкен қоғамдық қызметімен бірге алып жүрді. Ол Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының жұмысында, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңесінің комиссия жұмысында белсене қатысты, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі қарауындағы ономастикалық комиссиясына басшылық етті.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru