Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Лухтановпен кездесу

2014 жылдың 29 –шы желтоқсанында Зырян қаласының орталық кітапханасында Зырян қорғасын комбинатының маркшейдері, фототүсіруші, өлкетанушы, жазушы- натуралисті Лухтанов Александр Григорьевичтің 80 жыдық мерей тойына арнайы ұйымдастырылған кездесу өткізілді.

Инженер-маркшейдер блімі бойынша көптеген тау ісі, орнитология, этномология және өлкетану мақалаларының авторы. Александр Григорьвич -  қызықты әңгімелесуші, жан-жқты білімді, өзгеше ойлау қабілетімен, ал ең бастысы – өмірге деген құлшынысты және үлкен шығармашылық потенциалымен.

А. Лухтанов 1934 жылы 29 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Оның әкесі,  Лухтанов Григорий Дмитриевич -  Воронеж губерниясының Бутурлиновка ауылының тумасы, сол кездері геологобарлаушылық техникумында ұстаздық еткен, кейін 1937 жылы Алматы қаласының Қазақ тау-металлургия институтына  шақырылды.

1937 жылдан бастап 1957 жылға дейін Александр Алматы қаласында тұрған.  Қазақ тау – металлургия институтын бітіргенен кейін, 1937 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейінгі 1990 жылы ашық кенді Зырян қорғасын комбинатында тау инженер – маркшейдері болып қызмет етті.

А.Г. Лухтанов жас кезінде альпинизиммен, Зырянға көшіп келгеннен кейін – тірі табиғатпен және фототүсіріліммен, зейнетке шыққаннан кейін – Шығыс Қазақстан және Семиречья тарихымен айналысты.

1986 жылдан бастап 2002 жылға дейін Орта азия және Қазақстан бойынша экспедицияға қатысқан. Александр Григорьевич өлкетану және біздің өлкеміздің тарихы бойынша бірнеше кітап қатарларын жазып, жарыққа шығарды. Оның кітаптары зоология бойынша фотосуреттеумен қамтылып, Лондонда, Берлинде, Прагада, яғни еліміздің әр түрлі тілдерде шығарылған. Фототүсірілімдер, фотоочерктер,  А.Г. Лухтановтың табиғат және жануарлар жайлы белгілері: «Қазақстан шыңдығы», «Рудный Алтай», «Зыряндық жұмысшылар», «Шығыс Таңы», «Ормандық тұқым», «Алатау Оты», «7 күн» газеттерінде,  «Кеңістік», «Искорка», «Охота и охотничье хозяйство», «Ғылым және өмір» журналдарында жарияланған.

Тарихи оқиғаларға қатысты ақпараттарды ол әр түрлі мемлекттік мұрағаттарынан іздестіргендіктен, Лухтановтың еңбегі деректі мінезді болып келеді.  25 жылдай Зырян қаласының мемлекеттік мұрағат оқу залында  жұмыс істеді. Оның еңбегі, шығармашылығымен танысқан адамдармен құрметпен бағаланды: Лухтановтың кітаптарына сұраныс көп болды, сондықтан да біздің өлкеміздің тарихымен танысамыз деген адамдар оларды іздестіре бастады.  

Оның шығармашылығын оқығандармен кездесуде Зырян мемлекеттік мұрағатына сақтауға алынған жеке қорда сақталған жазушы құжаттары бойынша әзірленіп, кітапханашылармен дайындалған электронды презентация көрсетілді.   Александр Григорьевичтің фотосуретке түсіргені жайлы, ол өзі еске алды: «Жүрегім тоқтағандай болып түсірілімдер жасаған кездері, фототүсірілімнің қандай қызықты іс екеніне көзім жете бастады. «1960 жылдың жазында Малеевск аралының Бұтырма өзенінің маңында жүріп фотосурет жасадым, ал 1961 жылы менің серуендейтін жерім Калиновка ауылы ауданындағы Бұқтырма жағалауы болып  қалыптасты». Лухтанов барлық ынтасымен фотосуретке берілді, өйткені өнермен, ғылыммен, спорттың байланысын үлесімді екенін байқады. Жастықтың арқасында өзіне жаңа әлем ашты. Осы ғажайып әлем тайып кетіп қалатындай қорқып, түсіре берді және түсіре берді.

«Мен айналамда орманнан басқа ештеңені байқамадым – деп әңгімеледі Александр Григорьевич, - менің бар ойым сонау Бұқтырманың арғы жағында жатқан жасыл орман және  күтіп жүрген  құстар мен аңдарда.  Маған қанағаттануым үшін және фототекама байланысты орман өмірінің иллюстрацияланған энциклопедиясын  құру үшін жұманың бір күні жетпеді (сол кездері жұмыс күні 6 күнге созылған еді). Менің фототүсірілімім мәңгі болады деп, ұзақ уақыт бойы сенімді едім. Барша әлемде менің қызықты ісімдегідей маңызды ештене жоқ деп ойлайтынмын. Мен де уақытымды, ақшамды аямай, басқа да жақсы көретін істерімді елемей, осы ісім үшін барша уақытымды бөліп бердім».

Оны жазушы М.Д.Зверев, сонымен қатар ленинградтық және мәскеулік жазушы Н.И.Сладковпен және С.Кустановичпен байқалып, бағаланып, 20 жылдай жыл сайынғы демалыстарын біріккен сапарларда өткізді.

Лухтановты ғылым Академиясының зоология институтына жұмысқа шақырған, ол Қазақстанның бас орнитологі И.А.Долгушинаның экспедицияларында қатысқан.

Осы жылдар бойы үлкен фототека жиналып, ондаған күнделіктер және жазба кітапшалар толтырылды. Лондонда, Берлинде,  Прагада  жарыққа шығарылған Лухтановтың фотолары әлем құстар Атласына енді. Бұнымен бес томдық «Қазақстан құстары», екі томдық «СССР-ға спорттық саяхат», табиғаттың әсемдігі жайлы  «Кемпірқосақ балалары» атты фотоальбом, және тағы басқалары иллюстрацияланған.

1971 жылы Өскемен телекөрсету студиясымен А.Г.Лухтанов және оның ұлы Владимир жайлы «Төртінші саяхат» атты деректі фильм түсірілді.

Лухтановтың үлкен ұлы – Владимир 1980 жылы Ленинград университетіндегі оқуын аяқтап, Санкт-Петербург университетінде ғылыммен айналыса отырып, ұстаздық етіп қызмет етіп жүр.

Кіші ұлы Евгений -  химия ғылымының кандидаты, американдық әріптестерімен ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Сиэтле қаласында тұрады.  

«Адам не үшін дүниеге келеді және өмір сүреді ?  Мүмкін, Алламыздың нұрын көру үшін шығар. Гүлдерді, құстарды, аңдарды, күнді көру, жермен сүйсіну. Мен де солай: қарап таңдандым, ал фотоаппарат арқылы осы әсемдікті түсіріп алуға тырыстым.  Ең бастысы, мен бақытты болдым»,  - осылайша  Александр Лухтанов өз өмірі жайлы айтты.

Зырян қаласының қоғамы Лухтанов Александр Григорьевичті жылы қарсы алды.  Зырян қаласының Әкімі Л.А. Гречушникова, мәдениет бөлімінің басшысы М.К. Советбекова, жергілікті ақындар, жазушылар, музыканттар, мұрағатшылар юбилярды құттықтады.   

Кештің қорытынды кезінде Александр Григорьевич Лухтанов өзінің шығармашылығына келген қауымға  шын жүректен рахметін айтты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru