Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жазушымен шығармашылық кездесу

2014 жылы 04 қараша айында Зырян қаласының орталықтандырылған кітапханасында жергілікті жазушы, поэтесса және «Бухтарминские радуги» әдеби бірлестігінің төрағасы Медведева Нина  Григорьевнаның  «Танец горностая» атты прозалық жинағының таныстырылымы өтті. Бұл жинаққа оның замандастарының тағдырлары жайлы, өмірлері кейде қиын, кейде драмалық,  кейде тіпті қызықты жағдайларға тап берген қарапайым адамдар жайлы шағын новеллалар, суреттемелер және прозадағы өлеңдер еңгізілген. Зырян қаласының қоғамы Н.Г. Медведева кітабының жарыққа шыққанын жылы қарсы алды. 

Осы кітаптың жарыққа шыққанына байланысты Зырян қаласының Әкімі Л.А.Гречушникова, мәдениет бөлімінің басшысы  М.К. Советбекова, кітапханашылар, жергілікті ақындар, жазушылар авторды жылы құттықтады. Жиналғандар ұнаған әңгімелердің ішіндегі үзінділерге цитат келтірді, жинаққа еңгізілген шығармашылықтар жайлы бар қуаныштарымен айтты.  Раиса Алексеевна Шульмина, музыкалық мектебінің оқу ісінің менгерушісі, осы қысқа, бірақ  сыйымды және өнегелі әңгімелерді біздің зыряндық оқушыларымыз оқитын кітапдар қатарына енгізуді ұсынды: туған табиғатымызға және өзіміздің жерлестерімізге қатысты шығармаларды оқу өзге жердің оқиғалары мен адамдары туралы суреттейтін  авторының шығармаларын оқудан әлдеқайда қызығырақ болып келеді.

Раиса Алексеевнаның ұсынысы №1 мектеп – интернат кітапханашысы А.Ж. Дузбаевамен тез арада қабылданды.       

Осы жылдың қараша айының 9-да №1 мектеп – интернат мұғалімдер ұжымымен және кітапханашы Дузбаева Асипа Жумакановнаның ұйымдастыруымен Медведева Нина  Григорьевнамен кездесу өткізілді.   

Нина Григорьевна осы кездесуде өзінің ғұмырнама деректері жайлы  әңгімелеп берді. Ол оқушыларға өмір жолында кездескен қиыншылықтар және оларды  жеңгені жайлы айтты.  Жазушы, сонымен қатар ақын өзінің екі  жинақ кітаптарында махаббатқа, нәзіктікке, қайырымға, жақсылыққа үйрететін әңгіме мазмұндарымен жиналғандарды таныстырды. Ал бізге қазір бұл жетпейді. Сонымен қатар «Калиновое вино» жинағына еңген туындылары аталып өтті. Оқушылар Нина Григорьевнаның әңгімесін сүйсіне тыңдап және өздері де оның бірнеше шығармашылықтарын оқыды. Нина Григорьевнамен кездесудің соңында оқушылар оның көлемі жағынан үлкен емес, жинақы, өнегелі әңгімелері үшін құрметпен оған сыйлықты табыстады. Сый – құрметке жауап ретінде Нина Григорьевна кездесуге келгендерге рахметін айтып, интернат кітапханасына өзінің бір кітабын сыйға тартып қолын қойды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru