Ашық есік күні
2014 жылдың 26 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне арналған «Аса құнды мұра» атты ашық есік Күні өтті.
Іс-шара бағдарламасында «Менің елім, менің президентім» атты көрменің тұсаукесері өтті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультетінің 4 курс студенттеріне және Өскемен қаласының Техникалық-экономикалық колледжінің «Іс жүргізу және мұрағат ісі» факультетінің 2 курс студенттеріне мұрағат жөнінде сабақ-дәріс шолуы, экскурсия жүргізілді.
Сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры А.А. Аубакировтың көркем топтамасының тұсаукесері өтті. Барлық шаралар мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен мемлекеттік және орыс тідлінде жүргізілді.