«Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол»
2014 жылдың 21 қарашасында мұрағат қызметкерлері Елбасының «Нұрлы Жол -болашаққа бастар жол» атты жолдауы талқыланды.
- Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы тарихи күрделі кезеңде жарияланып отыр. Қазіргі әлемдік дағдарыспен қатар саяси және геосаяси жағдай ушығып, қаржы-экономикалық дағдарыс салдары таяудағы жылдар үшін өте қиын да күрделі кезеңнен жұдырықтай жұмылған халықтар, мықты іргелі ел ғана өте алатын болады деп Елбасы атап өтті.
Жолдау- жылдың аса басты құжаты. «Нұрлы жол» деп аталған Қазақстанның Жаңа Экономикалық саясаты бойынша ұсынылған іс- шаралар салиқалы ойдың жемісі екені анық. Ұсынылынған іс -әрекеттер мемлекетіміздегі құрылымдарды дер кезінде сауықтыруды көздейді.
Елбасы ұсынған шаралар еліміздегі кең ауқымды әлеуметтік салаларды, білім беру, мәдениет, денсаулық салаларын да қамтыған деп мұрағатшылар М.Рычкова, Г.Етекбаева, Т.Майкенова, К.Смекеновалар өз пікірлерін білдірді. Ең бастысы, Жолдау еліміздің өркендеуіне жаңа жол ашатындығына, кейінгі- ұрпаққа аманаттайтын ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек.
Біз мұрағатшылар Ұлттық мұрағат қорының сақталуына барлық күшімізбен , білімімізді жұмсауымыз қажет деп ойлаймыз.