Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

С.Е. Черныхтың туғанына 80-жыл толуына арналған шаралар жинағы

2014 жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысының мәдени жұртшылығы, жазушы-өлектанушы, мұрағат ісінің Үздігі, Қазақ СРО еңбегі сіңген мәдени қайраткері, КСРО жазушылар Одағының мүшесі, тағдыры қарапайым емес, бұрынғы сынақшы-ұшқыш, өзінің екінші ықыласын туған өлкенің тарихына қызмет етуінде тапқан, Станислав Евгеньевич Черныхтың 80-жылдық мерейтойын атап өтті.

С.Е. Черныхтың туғанына 80-жылдығын атап өту аясында, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бірлесе, Шығыс Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан адамдардың арасында оның шығармаларын әйгілеуге бағытталған «С.Е.Черныхтың 80-жылдығына арналған өлкетану оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция жұмысында Қазақстан Республиксының жетекші ғалым-тарихшылар, өлкетанушылар, олардың ішінде Қарағанды қ. Қарағанды политехникалық колледжінің тарих және қоғамдық-саяси пәндерінің оқытушысы, А.У. Аупенова, Ресейден келген қонақтар, Барнаул қ.             И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары, О.Е. Контева, О.В. Степанова қатысты. Сонымен қатар, тарих ғылымының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, А.С. Жанбосинова, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтты мұражай-қорығының, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайының, ШҚО мемлекеттік мұрағатының ғылыми қызметкерелері де қатысты.

Конференция аяқталғаннан кейін Шығыс Қазақстан өнер мұражайында облыстың мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша әзірленген «Ол аса ынталылар қатарынан болған...» атты фотоқұжатты көрменің тұсаукесері өтті, В.Б. Типтюктың «С. Е. Черных – гражданин, краевед, писатель» атты көркем фильмы көрсетілді, ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Шығыс Қазақстан өнер мұрайжайымен бірлесе дайындалған Еске алу кеші өткізілді, онда С.Е. Черныхпен бірге жұмыс істеп оны жақсы білген адамдар қатысты. Еске алу кешінде жолдасы О.Н. Черных, қызы Татьяна, немересі Максим және шөберелері Николь мен Станислав та қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru