Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ленинград жерінде зыряндық табылды

Ұлы Отан соғысының басталуынан бері 73 жыл өтті. Сол күрес алаңынан көптеген біздің жерлестеріміз қайтпады. Олардың жанұялары – аналары, әйелдері және балалары «қаралы» хабарлама алып, жауынгерлердің жауапсыз жоғалып кеткені жайлы естігеннен кейін, мойындап, олардың жақындарының болашағы жайлы ештеңе білмей кеткендігін, олардың жерленген жеріне баралмайтынын...  

Бұған бей жай қарамайтын адамдар, іздестіру тобын қрып, сол күрес алаңына зерттеу жұмыстарын өткізеді.

Біздің қаламызға олардан хаттар және жерде оншақты жылдар бойы жатқан жауынгерлер киімдерімен толы сәлемдемелер жеткізілді. Олар қайғы мұңды және қуанышты қатар әкелді: жауапсыздықтың біткеніне қуанып, жақын адамдарның қайтыс болғанының нақтыланғанына қайғырды. 

Міне, "Суворов" атты іздеу жасағынан майдангер - жерлесіміз жайлы жаңа хабар, бұл жасақ 15 жыл бойы белсенді мұрағаттық-зерттеу жұмыстар жүргізеді, Ұлы Отан соғысының шайқас аланындағы іздестіру экспедицияларын ұйымдастырып, өткізеді, соңынан қаза болған жауынгерлердің сүйектерін қайта жерлейді, табылған және белгіленген сарбаздардың туыстарымен хат жазысып тұрады.

2014 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы Крестовской ауылдық кеңесінің тумасы 1907 жылы дүниеге келген Баюбаев Асет аламанының,  «Суворов» іздеу  жасағымен Колымны қаласында  тозаңы көтерілді.   Ол, Зырян аудандық вонкоматы болып әскерге шақыртылды. Ресей  жерінің Ленинград  облысында Ұлы Отан соғысының  жауынгері жерленді.  

Коломенский қалалық  қоғамдық ұйым төрағасы "Іздеу жасағы" Суворов – Стружанова Ольга Владимировнадан Зырян мұрағатына іздестіру жұмысының арқасында фотосреттермен және жағдайды анықтаумен табылған хат келді:  Колмен қалалық қоғамдық "Суворов" атты Іздеу жасағы"  ұйымының төрайымы - Ольга Владимировна Стружановадан Зырян мұрағатына іздестіру жұмыстары кезінде табылған фотосуреттер және мән-жайдың нақтыланған деректері бар хат келіп түсті: "Гвардиялық қызыл әскер 63-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының мергені Асет Баюбаев Арбузово кентін қорғау шайқастарының бірінде 1943 жылы 24 шілде күні қаза болды. Қорғаныс Министрлігінің Орталық мұрағатының құжаттары бойынша ол, Ленинград облысы Мгинск ауданы Арбузово ауылының шығыс жағында 800 метр қашықтығында жерлеген. Шын мәнінде Асет Баюбаев өзінің ақырғы шабуылында тұла бойына түрегеліп мерт болған. Сөйтіп шалшықтың бетіндегі үстінгі жатыста жатып қала берген. Жауынгердің жанында тоттанған бұрандалы гильза табылды, оның ішіндегі жазбахатқа сәйкес қаза болған  Соғыс қаһарманының есімі Асет Баюбаев екендігі, оның жұбайының аты Анна Лаврентьева және мекен жайы анықталды». Зырян ауданының қорғаныс істері бойынша Департаментінде оның қайтыс болғаны жайлы хабарлама сақталған, Баюбаева Анна Лаврентьева есімді әйеліне арналды. Бұл хабарламада  былай айтылған: «Сіздің күйеуіңіз, Баюбаев Асет қызыл әскер гвардиясының атқышы, жауынгерлік антқа адал,  Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Крестовский ауылдық округінің тумасы Кеңес Отаны үшін күресте,  қаһармандықты және батырлықты көрсеттіп, 1943 жылы 24 шілдеде өлтірілген. Ленинград облысы Минск ауданының Арбузов кентінің шығысына қарай 800 метр шақырым жерінде жерленді».

Сарбаз соғысқа дейін Шығыс Қазақстан  облысы Крестовка ауылдық округі Крестовка ауылында  өмір сүрді, бұл жайлы, ат бағушы болып жұмыс атқарғандығы жайлы жазбалар ақпараттандырып, 1938-1939 жылғы  шаруашылық кітаптары күәгерлік етеді. 

Асет Баюбаевтің сүйегін өзінің туған жеріне әкеліп, қайтадан жерлеуге мүмкіндік туындап тұрғаннан кейін,  Зырян мұрағаты сарбаз Баюбаев (немесе Баев) Асеттің жанұясын білген адамдардың үн қатуын сұрайды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru