Петропавловск қ. мұрағатына іссапар
2014 жылдың 10 қыркүйегінде облыс мемлекеттік мұрағатының директоры, Алдияр Акылбекович Аубакиров, ғылыми-анықтамалық аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі, Некрасова И.Ю. мен мұрағатшысы, Чаплина А.С., Петропавлоск қ. Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатында өткізілген «Мұрағаттар – мәдениет мұрасының сақтаушылары» атты дөңгелек үстелінің жұмысында қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстелінде «Ақмола мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық мұрағаттарының директорлары мен мұрағатшылары қатысты.
ШҚО мемлекеттік мұрағаты, Магадан облысының мұрағаттарында «30-50-ші жылдардағы қуғын-сүргіндер» тақырыбы бойынша айқындалған құжаттардың тұсау кесерін ұсынды. Сондай-ақ, «Ақмола мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры, Г.Д. Салык, «Тайн бесценное богатство» атты баяндамасымен, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі, Т.А. Сугурбаев, тему «Краеведческо-архивные исследования центра «Асыл мұра» атты баяндамасымен және «Солтүстік Қазақстан мұрағаты» КММ директоры, С.З. Маликова, «Новая парадигма роли архивов в контексте сохранения историко-культурного наследия края и практической реализации программы исторических исследований «Народ в потоке истории» атты баяндамасымен шығып сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелден кейін қатысушылар Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және Абылай ханның резиденциясына барып қайтты. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша үш жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.