Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҰОС ардагерлеріне үндеу

Жеңістің 70 жыл мерей тойына

2015 жылы біздің еліміз, басқа да кеңес кезіндегі елдер сияқты Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдарынан кейінгі Жеңісімізге 70 жыл толуын атап өтпекші. Осы үлкен, әрі айрықша мәнді оқиғаға дайындықтарды бірнеше жылдар бұрын бастап кеткен еді. Шығармашылық адамдар алдын ала Кеңес  мемлекетінің сұрапыл кезеңі жайлы еске түсіретін  кино шығарып, сахыналық көрініс құрып, кітап, суреттерді шығару жұмысымен айналысып жүр.  

2014 жылдың 11 мамыр айында Жеңістің 70 жыл мерей тойына арнайы мерекелік жоспары Зырян аудан әкімшілігімен әзірленіп, бекітілді. Осындай жарқын мерекені сыйлаған, біздің Отан қорғаушыларымызға құрмет білдіріліп, ең негізгі көңіл бөлінді. Мерекелік дайындыққа  ауданымыздың барлық мекемелері жұмылдырылды. 

Соғыс ардагерлерінен біразы ғана қалды, қазіргі таңда олардың ең кішілері 90 жаста. Жыл сайын өткізілетін Жеңіс шеруінде ардагерлер қатары сирегеніне күйінішпен қараймыз. Біздің өкінішімізге орай, осы соңғы ардагерлерге тыныш өмір сүру бұйырмады: олар қайтадан өткен көріністі теледидар айдарынан көрді. Украина, өз өмірлерін аямай, барлықтары бас біріктіріп бірге қорғаған, бірақта қайтадан соғыстың не екенін сезінді.

Қазіргі таңдағы жастардың патриоттық тәрбиесі өте маңызды. Зырянда бұл жұмыс ылғи жүргізіледі, бұнымен қиыншылықтар болмады, бірақта, жастармен жұмысты ұлғайту  керек мәселесі, қазіргі таңда өте маңызды.  Украина мәселесін алатын болсақ, біз бүгінгі таңда нақты айта аламыз, өсіп келе жатқан ұрпақтармен тығыз жұмыс істемесек, еліміздің тарихын айтпасақ, еліміздің құлауын қалаған адам бұны құр жібермейді. Әкелерінің және аталарының тарихын құрметтеуге үйретілмесе, онда жас ұрпақтың сана сезімін қарсыластар өздеріне қарай қалыптастырады.

Жеңіске жетуде Кеңес адамдарының патриоттық тәрбиесі аса маңызды рөл атқарды, бұл баршамызға мәлім. Өз Отанын қорғау үшін, қазіргі таңдағы өсіп кележатқан ұрпақта нақты әрі мықты сенімі болуы аса маңызды. Жалпы ақпараттың арқасында, фашизмнің қайтадан бас көтергенін білеміз. Шын соғысты актерлердің ойнағанымен көрсек, қазір телеарнадан және компьютерден көреміз.  1945 жылы Отанды қорғаушылар тыныштығы 69 жылдан кейін бұзылды, тату тәтті адамдардың,  тілшілердің өмірден өткенін көріп отырмыз.  Осы жылдар бойы біздің етіміз тыныштыққа, татулыққа үйреніп қалды, ал қазір адамдардың жүректерінде  еліміздің, балаларымыздың  болашағы үшін үрейлі.

 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және олардың туысқандарына үндеу өздерінің жеке мұрағатынан құжаттарды «Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Кеңес Одағының Батырлары құжаттар жинағына» тапсыру

Зырян мұрағатында 60 – қа жуық соғыс ардагерлерінің құжаттары сақтауға алынған.  Бұл, Зырян ауданынан Отанын қорғауға әр түрлі  мәлімдемелермен кеткен  15 мыңнан аса адам санына қарағанда, өте аз. Сондықтан да, соғыс ардагерлерінің туысқандарына, ет  жақындарына Ұлы Отан фронттарында фашист құлшылығынан елін, жерін қорғаған батырлар жайлы  қосымша мәліметтерді, құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру үшін үндеу етеміз.  

Біз, барлықтары соғыс ардагерлерінің құжаттарын  жанұялық мұрағатта сақтайтынын, және бұл құжаттардың жартысының бір  бөлігі әр түрлі жағдайларға байланысты жоғалып кеткенін де білеміз. Өмірден кетіп бара жатқан ұрпақтың құжаттары мемлекеттік мұрағатта тиісті шарттарды жүргізу арқылы сақталады.    Мұрағатқа  тапсырылған құжаттар тұрақты сақтауға алынады, содықтан да жүз жылдан кейін де өсіп келе жатқан ұрпақ мұрағатқа келіп, құжаттарды көре алады.

Не үшін мұрағатта құжаттарды сақтауға болады ? Біріншіден, жеке меншік мұрағатта құжаттар сақталмай қалуы да мүмкін, өйткені одан кейінгі ұрпақ бұл балалары, немерелері, ал кейінгі ұрпақ осы құжаттарды керек те етпейді.  Екіншіден, бұл құжаттар Ұлы Отан соғысының шынайы тарихын зерттеп, зерделеу үшін зерттеушілерге қажет. Мүмкін олар сол кездердің  ешкімге мәлім емес оқиғаларды сақтайды. Хаттар, жеке күнделіктер, естеліктер және тағы басқа да қатарлы соғыс қатысушыларының құжаттары, нақты адамдармен оқиғалар қаншалықты бағаланғанын байқауға болады, біз соғыс жайлы тек қана арнайы оқиғаларға арқалана отырып жазылған оқулықтардан ғана білеміз.  

Еліміздің  өткені бойынша білімімізді қалыптастыру үшін және өз пікірлерімізді ортаға салу  мақсатында  оқушылар мен студенттер үшін өте қызықты болды, соған арқалана отырып, олар іздеу, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Үшіншіден, жастардың патриоттық тәрбиесінің негізгі аспектісі, құжаттардың түпнұсқасымен жұмыс істеу бұл, адамның сана - сезіміне ерекше бір ой қалыптастырады. Өткен жылдардағы тәжірибем көрсеткендей, соғыс ардагерлерінің құжаттарын мелекеттік мұрағатқа келіп сұрайды. Осы құжаттарды зерттеушілерге бермей тұрып, алдымен жинап алу қажет.  Мемлекеттік мұрағатқа қарапайым азаматтардың қжаттары қабылданбайды, ал қатарлы соғыс қатысушыларының құжаттары сөзсіз алынады.  Сіздердің туысқандарыңыздың соғыстағы жетістіктері туралы  естеліктері су құмға сіңгендей ізсіз кетпес үшін, оның тарихын мемлекеттік мұрағатта қалдырыңыздар. Әсіресе, жастайынан өз өмірін фронтқа берген – зыряндықтарға деген қатынастарымыз үшін обал болады, егер де олар  туралы естелік мемлекеттік мұрағатта қалмаса, оларды туысқандарынан басқа ешкім еске алмас, біслмес.  

Біз, барлық соғысқа және басқа да құжаттарды қабылдаймыз. Егер де сіз құжаттардың түпнұсқасын өзіңізде қалдырғыңыз келсе, онда біз тек қана қжаттардың көшірмесін жасап аламыз: фронттан келген хаттар, хабарландырулар, «жерлеу хаттары», фронтовиктің жеке құжаттары – еңбек кітапшасы, күәлігі, марапаттаулар жайлы құжаттар, фотосуреттері. Мұрағатқа тұрақты сатауға алынған құжаттардың түпнұсқалары өз иелеріне арнайы сұраныспен біраз уақытқа ғана деп, қолға беріледі.

Зырянның белгілі фототүсірушісі Виктор Маркович Корж Ұлы Жеңістен бастап 70 жыл мерей тойына арнап кітап шығарады.  Егерде  сіздерде ҰОС қатысушыларының, тыл еңбекшілерінің, жауынгер – интернационалисттердің, чернобілдіктердің фотосуреттері және қосымша мағлұматтары болса, бізге жіберіңіздер, осы қайраткерлер жайлы  «Зыряндықтар – Отан қорғаушылары» атты кітап парақтарында  жарияланады.  

Құрметті зыряндықтар! Біз сіздерді Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің құжаттарымен мұрағатта күтеміз, М. Горького, 33 көшесі мекен жайы бойынша.  Егер де сіздерге мұрағатқа келу қиын болса, онда біз сіздерге өз қызметкерлеріміздің бірін жібереміз, 8 723 35 6 30 16 тел.нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru