Какой раздел сайта для Вас наиболее интересен?

Научно-методическая база
Личные фонды
Сборники документов
Публицистика
История края
Базы данных
Фотогалерея
Архив опросов

Астана Күніне арналған салтанатты жиын

Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Қалбатау ауылының Жастар Үйінде Астана Күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға аудан орталығындағы мекеме, кәсіпорындар басшылары, ұжым, ауылдық округтерінің  өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов жиылғандарды мерекемен құттықтай келе, ауданымыздың көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын табыстады.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Ә.Мұхтарханов партия мүшелеріне доктринасын ұсынып, аудан орталығының кейбір мекеме басшыларына  «Нұр Отан» партиясының жаңа форматтағы партия билеттерін тапсырды. Осындай билет ШҚО мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағат» КММ-сінің Жарма филиалының директоры Бекқазы Рахимовқа да табысталды.

Жиын  мерекелік концертпен жалғасты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2025
Рейтинг@Mail.ru