В.Ф.Подрезовтың жеке текті құжаттары сақтауға қабылданды
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатымен, пауэрлифтинг спорт шеберлігіне кандидат, «Клуб старых штангистов» атты денешынықтыру ардагерлер бірлестігінің қалаушысы, атлетикалық спорт түрлерінің дәрптеушісі, «Звено Алтая» атты әдебиет бірлестігінің мүшесі, Виктор Федорович Подрезовтың жеке текті құжаттары сақтауға қабылданды.
Гір спортында 12 жыл «Восток» спортклубының атынан қатысқан, қалалық және облыстық жарыстардың тұрақты жүлдегері, Қазақстан Республикасының екі мәрте жүлдегері болған. Ешқашан арнайы армреслингпен айналысқан жоқ, бірақ аймақта осы спорт түрін дамытуға үлкен үлес қосқан және қала мен облыстағы ең бірінші жарыстардың жүлдегері болып Қазақстан Республикасының бірінші Чемпионатында қатысты. Ардагерлер санатында қатысып (50 жастан аса), пауэрлифтингте Виктор Федорович үшсайыстың қорытындысы бойынша 500 кг. мәресін жеңіп алған бірінші шығысқазақстандық болды, кейін жеке рекордын 545 кг дейін жеткізді.
В.Ф.Подрезовты заң бойынша Қазақстан атлетикалық спорт түрлерінің дәріптеушісі және шежірешісі деп атауға болады. Дәл өзі, Семейден шыққан цирк балуаны, Поддубныйдың аңыз шәкірті және Хаджы Мұқанның досы, Василий Ярковтың жақсы атағын ұмытуға жол бермеді. Жергілікті және республикалық баспасөздегі Подрезовтың 40 астам жарияланымдары В. Ярковқа арналған, ауыр атлетика тарихына – 150 жарияланымнан астам.
Әдебиет көздеріне өткізген В.Ф. Подрезовтың зерттеулері, мұрағат құжаттарымен жұмыс, көп жарыстарда қатысуы бірегей материалдарды жинақтауға мүмкіндік берді, соның негізінде «Герои фронта - герои спорта», «Атлеты Восточного Казахстана», «Восток – поэзия силы», «Сила титанов. История русской силы в очерках и рассказах» атты кітаптар жазылған.