Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне өткізілген- дөнгелек стол
30 мамыр 2014 жылы Зайсан қаласында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ардагерлер Кеңесі «Жастар қанаты» ұйымымен бірлескен 31 мамыр «Саяси қуғын -сүргін құрбандарын» еске алу күніне байланысты Ардагерлер кеңесі ғимаратында «Дөнгелек стол» өтті. Кездесуге қуғын -сүргін құрбандарының балалары А.Кожасейітов, С.Ілгекбаева, өлкетанушы Қ.Алтыбаев, мекеме ұйымдары, кітапханашылар, мұғалімдер қатысты, ой- пікірлерін білдірді. Кездесу соңында «Саяси қуғын -сүргін құрбандарына» құран бағышталып, қатым түсірілді.
Бұл шараға жастар ұйымының ат салуымен, патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандағы жас мамандар шақыртылды. Кездесуге жас маман мұрағатшы Майкенова Талшын қатысты.