Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Скайп - кездесу

23 мамыр 2014 жылы 31 мамыр «Қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай Зайсан қаласындағы орталық кітапханада «Жаралы жылдардың шындығы» атты Өскемен қаласындағы орталықтандырылған кітапханамен Скайп -кездесу өтті.  

Кездесуге мәдениет қайраткері «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, бірнеше кітап авторы «Азалы кітапты» шығаруға ат салысқан Ақанов Сағымбек Ақанұлы қатысып пікір алмасты. Зайсан кітапханасына шақырылған Айтан Қожасейітов әкесі қуғындалып Сібірге жер аударылғанда бірге барған, Қытайға қашып қоныстанған Бекбақыт Мухамадиұлы (10 жылдан бері Қазақстанға көшіп келген) мұражай қызметкері Фемистокл Жунусов, мұрағатшы А. Дюсюпжановалар қатысты.  

Айтан Кожасейітов «зұлмат заманның қаншама адамдарға жала жауылып «Халық жауы» атанғандары, қаншама білімді, зиялы оқыған азаматтардың атылып кеткендері жөнінде өзінің бала кезіндегі көрген қиыншылықтары жүректе шер болып қатып қалды»- деп тебірене әңгімеледі. Бекбақыт Мухамадиұлы шығып өзінің басынан өткізген қиыншылықтарын айтып, «Елдігім менің ерлігім» атты өзінің кітабын мұрағатқа сыйлады. Кітапханашылар осы тақырыпқа әліде нүкте қойылмағанын, қайғы -қасіретке толы зұлмат заманның қайталанбаса екен деп тілектерін білдірді. Кездесу мағыналы болып өтті.  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru