Зыряндағы 9 мамыр күні
1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысына байланысты сондай халықпен сыйлы күндердің бірі бұл - 9 мамыр Жеңіс күні. Осы мейрам күні әр түрлі адамдардың басы қосылып, еліміздің ұзақ уақытқа дейін өмір сүруін жалғастырған бабаларымызға алғыстарын білдіруде. 69 жыл бойы біз тыныш әрі тату ел болдық, сондықтан да мемлекетіміз қалыптасып және татулық пен жасампаздыққа бағытталған дамыған мемлекет болды. Жылдар бойы біз соғыс бұл- тарих парағы ғана, өтіп кеткен, деген үмітпен жүрдік. Бірақта уақыт фашизмнің әлі де бар екенін көрсетті, Украинада болған оқиға Кеңес Одағында өмір сүрген көптеген адамдарға алаңдаушылық еңгізіп, жүректерін ауыртты. Өткен соғыс жайлы жаңа ойлармен толды, Отанын қорғаушылардың ерлігі призма арқылы жаңа оқиғалармен ащы болып қабылдана бастады… Ұлы Жеңістің мәнін бағалау, фашизм деген не – бұл қаталдық және зорлық- зомбылық, бізді осындай қаталдықтан қорғаған қорғаушыларымызға шексіз алғысымызды айту үшін, баршамыз бірге 9 мамыр Жеңіс Күніне жиналамыз.
Ұлы Жеңіске 69 жыл толып отырған мерей тойына байланысты Зырян қаласының орталық алаңында театрланған көрініс, салтанатты шеру өткізілді.
Алаңда әндер, әскери әндер мен марштар әүені қатты естілді. Алаңның негізгі орталық жерінде отырған соғыс ардагерлерінің және тыл еңбекерлерінің алдынан Зырян ауданының еңбекшіл ұжымы және знамя көтерген топ өтті.
Зыряндықтар осы жылы «Ажалсыз полк» акциясына бірінші рет қатысты. Зырян қаласының жалпы білім беру мектептері, коледж студенттері, майдангерлердің ұрпақтары өздерінің жерлес-зыряндықтардың Ұлы Отан соғысына жеңіс әкелген ата-бабаларымыздың партреттерін қолға алып жүріп өтті. Отанымызды қорғаған қорғаушылар туралы әр адам өз мұрағатында бір естелік қалдырады, мінекі біздің қорғаушыларымыз туралы барша қауым білсін деп, әр біруі олардың портреттерін әкеліп көрсетті. Фото суреттердің әр біреуінің артында – осы күнге дейін жетпей, өз ұрпағын көре алмай, қазіргі заманның қызығына жете алмаған майданшылардың тарихы. Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өзіміздің батырларымызды құрметтеу керектігін көрсетіп, осы акция ұмытылмайтын терең із қалдырды. Сол күндер мен оқиғаларға өшпес үшін бұл естелік ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Қорғаушылардың Брест қамалы, Курск доғалы үшін істеген ерліктерін және қазақстандықтардың жеңіске жету үшін күрескендерін театрланған көрініс арқылы зерандықтардың көз алдында көрсетті. Алаңда дикторлардың өткен соғыс жайлы баяндап турғаны естілді: «Соғыс миллиондаған азаматтадың өмірін қиды, артынан көптеген зар мен жас әкелді. Біздің Ұлы Отан соғысы майданында қайтыс болған аламан – қазақстандықтардың зераттарын Волгадан Берлинге дейінгі аралықтан табуға болады. Олардың есімдері Қазақстанның Ұмытылмастар кітабына енгізілген. Жыл сайын 9 мамыр күні қазақстандықтар үлкен құрметпен майдан және тыл батырларын, Қазақстан батырларын және 14 достық республикаларын, Батыр-әйелдерді, ерлерді 1945 жылы болмайтын Жеңіс Күніне жеткені үшін бас иіп еске алады.
Біз ыйыққа ыйық болып орыстармен, беларустармен, украиндермен және тағы басқа СССР құрамына болған ұлттармен бірге біздің қазақстандықтар қаһарманша күрескендері үшін мақтан етеміз. Ұлы Отан соғысында жасаған ерліктері үшін 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен, 499 қазақстандық «Кеңес Одағының батыры» атағын алуға лайықты болды. Шығыс Қазақстаннан 182604 адам жұмылдырылды. Соның ішінде 109-зы «Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты болды. 23 адам "Даңқ орденінің" толық иегерлері болды.
«Кеңес Одағының батыры» атты жоғары атағына лайықтылар: Кольцов Павел Федорович, Брилин Павел Тимофеевич, Бурнашов Александр Афиногенович, Харин Михаил Терентьевич, Копылов Иван Павлович, Котельников Яков Степанович, Бочарников Петр Степанович, Рыжов Георгий Тимофеевич».
Орталық саябақта Даңқ мемориалының жанында майданшы Василенко Павел Самсонович қатысуымен Жеңіс күніне арналған митинг өткізілді. Концертте кішкентай және үлкен әртістер ұжымдары соғыс ардагерлеріне, тыл еңбек ерлеріне олардың соғыс кезінде көрсеткен ерліктері үшін, қазіргі таңдағы зыряндық жастары шын жүректен үлкен алғыстарын айта отырып, бар ынталарын салды.
Кешке орталық саябақта концерт өткізіліп, Зырян қаласының және Зырян ауданының ауыл- аймақтарынан келген көрермендері қатысқан «Май шамын жақ» атты акциясы жүргізілді.
Сағат 21/00 Тәүелсіздік аллеясында мерекелік от шашу өткізілді. Мәдениет үйінің үлкен алаңында қаламыздың барлық халқы жиналғандай болды. От шашуды үлкені де, кішісі де бар ықыласымен тамашалады. От шашудан кейін жастар үшін би кеші сағат 22/00 дейін жалғасты.
Біз барлығымыз тату-тәтті, тыныш елде тұрғымыз келеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз шын мәніндегі жылдан жылға азайып баражатқан соғыс ардагерлерін тірі кезінде көре алады. Болашақ үшін татулықты сақтау – әр қазақстандықтың арманы.