Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ардагермен кездесу

Ұлы Жеңістің 69 жылдығы мерекесіне орай Аягөз филиалы мұрағатшылары Ж.Кенжебекова, Б.Бостанова, С.Оразалинов Ұлы Отан соғысының ардагері Жумадилов Асқармен кездесті. 1925 жылдың 1 қыркүйегінде Аягөз ауданы Шынгожа ауылында дүниеге келді. Ол 1942 жылдың қазан айында майданға 17 жасында еріктілер қатарында аттанды. Ардагер мұрағатшыларға өзінің шайқастағы жолын, соғыстың эпизодтарын, жараланғандығын, марапаттары туралы айтып өтті. «Қызыл жұлдыз» орденімен екі мәрте және «Ерлігі үшін» медальімен марапатталған.

Кездесу соңында мұрағатшылар ардагерге алғыстарын айтып, ұзақ өмір мен денсаулық тілеп, естелік сыйлық табыстады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru