Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Оқушыларға арналған экскурсия

2014 жылдың 4 мамырында Шығыс-Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Аягөз филиалында Аягөз қаласы №6 орта мектептің 7 сынып оқушыларына жалпы мемлекеттік мұрағатты таныстыру мақсатында экскурсия өткізілді. Мұрағатшы Ж.Кенжебекова оқушыларға мұрағаттық сақталымға құжаттардың қайдан келіп түсетінін, мұрағатта сақталымдағы құжаттардың жалпы санын, мемлекеттік мұрағаттардың жұмысының мақсаты туралы айтып өтті. Экскурсия барысында оқушылар мұрағат қоймаларына қойылатын талаптар туралы, қойма ішіндегі ылғалдылығының, санитарлық-гигиеналық режим нормаларымен, құжаттарды электронды форматқа ауыстыру туралы жұмыстарымен танысты. Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар туындап, оларға лайықты жауаптар берілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru