Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

1 Мамыр

Зырянда  Қазақстанның бірлік күніне арналған мейрам сағат 11- де басталды. Қаламыздың орталығында салтанатты шеруге белсенді қатысу үшін әр ұйымдардан, оқу орындарынан, мәдениет үйінен және этно мәдени Достық Үйі орталығының ұжымдары, ардагерлер және де Зырян қаласының ақсақалдары да жиналды. Күннің жылуы, әр түрлі жастағы адамдардың мейрамға сай киінгендері, олардың қолдарындағы гүлдер, шарлар мен тулар – барлығы да көңілдің көтеріңкі болуына мүмкіндік туғызды. 

Зырян – бұл Қазақстандағы ең суық қала, көктем мезгілі еліміздің басқа аудандарына қарағанда біздің аумағымызға кеш келеді, сондықтан да 1 Мамыр күнін – Қазақстанның бірлік күнін  халық ерекше көңілмен қарсы  алады.

Зырынның этно мәдени Достық Үйінің қатысушылары орталықтағы бірлік Митингісіне жиналды. Олар тілшілерге және фотосуретшілерге бар ынталарымен өздерін жақсы көрсетуге тырысты, ал үстеріне киген қазақ, славян, татар, неміс ұлттық киімдері барлықтарын қуантты.  Адамдар мәз – мейрам болып, бір –бірлерін қуана қарсы алып көңілді күйде жүрді, ән айтты.

Ту мен, шарлар гирляндасымен әсемделген мейрам легі Зырянның орталығынан бастап, Мәдениет үйінің алаңына, яғни бірлік Митингісі өткізілетін жерге дейін жүріп келді.   Этно мәдени  бірлестігімен дайындалған мерекелік концертті көру үшін  лег өз жүрісін тоқтатып,  концертті қарады.

Дикторлардың сөздері өткен кеңес кездеріндегі 1 мамыр шеруін еске түсірді: «Алаңға шығып «Зырян ауданының білім орталығы! Жобаға қол жеткізу үшін қала және аудан мектептері ат салысты «Зырян ауданының мұражай мирасы»-деп сөз сөйледі. Қазақстан еліннің достастығы және халық аралық келісім бойынша үгіттеуге байланысты барлық мектептерде кіші ассамблея ұйымдастырылған. 

- Армысың Зырян ауданының мемлекеттік мұрағат ұжымы! Елімізде және қаламызда болып жатқан әр түрлі мерекелерге арналған құжаттар көрмесін ұйымдастырып, ұжым үлкен жұмыс атқаруда.

Мемлекеттік мұрағат ұжымы  студенттер мен оқушыларға Зырян мұрағат қорында сақталған мұрағат құжаттары бойынша әзірленген дөңгелек үстел, конференция, семинар, экскурсия және лекциялар Зырян халқының әр біреуі өзінің қатынасы бар екенін сезіндіру бағытында ұйымдастырылды».

 Біздің еліміздің достығы мен бірлігі – бұл өміріміздің негізі.   Зырянда мектепке дейінгі кезден бастап дос болуға баулыйды. Балабақшалар мен  оқу орындарында достық қарым-қатынасты бағалауға, елімізді құрметтеуге баулып, үлкен жұмыстар атқарылуда.

Украинада болып жатқан жағдайға байланысты бір де бір қазақстандық бей жай қарап қалмады.  Және де осындай мәселенің Қазақстанда қайталанбауын қалайды.  Біздің барлғымыз да Кеңес Одағы кезінде болған оқиғаларды сезіне алдық.  Осы соңғы айларда халықтың бірлікте жүру қажеттілігінің қажет екенің, сонымен қатар елімізді қорғап жүруіміз екендігін сезіндік.  Біз өз елімізбен мақтан етеміз, соңғы екі ондық жылдар бойы ұлттық негізде толқулар болған жоқ,  соған орай осындай көп ұлтты тату елімізді сақтағымыз келеді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru