Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Наурыз

Наурыз – халықаралық мейрам, Шығыс елімен жоғары бағаланған, Қазақстан Республикасында, Өзбекстанда,Қырғызстанда, Түркменде, Айзербаджанда және Тәджікстанда арнайы мерекелік күн деп саналады. Мыңдаған жылдар бойы Шығыс күнтүзбесінің санағы бойынша бұл күні  Жаңа жылдың туылуы деп есептелінген. Мереке халық салт- дәстүрін және салт жораларын бірге алып жүреді. Бұрын  Наурыз мейрамы қазақ даласында – салтанатты сәнді түрде өткізілген. Мемлекеттік мерекелер ішінен орын алды.

2014 жылдың 22 Наурыз көктем мейрамына Зырян қаласының тұрғындары жылдағыдай белсенді қатысты. Барша халықтық мейрамға жыл сайын қатысушылар қауымы ұлғайып барады. Барша халық бұл мейрамға дайындалған, тек қана аудан әкімшілігі, мәдениет бөлімі, акиматтың ішкі саясат басшылықтарының айтуы бойынша емес, кішіден үлкенге дейінгі халық өздерінің ақ ниеттерімен дайындалды.

«Армысың,  әз – Наурыз!» атты Мәдениет орталығында халық серуені өткізілді. Қар әлі де ерімей тұрғанның арқасында мәдениет үйінің алдын және Тәуелсіздік Аллеясы алаңын киіз үйлер қалашығы мен  аттракциондарды, сахыналар және де саудалық қатарларын орналастыру үшін толығымен тазартты.

Мәдениет үйінің алдында өткізілген театрланған – концерттік көрініс әдет - ғұрып элементтерін қолдана отырып Зыряндықтарды және аудан  халқын бір марқайтты.  Әртістер біздің ауданымызда өте көп, бұл әртістер жергілікті масштапта ғана емес, оларды біз халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеңістерін міндетті түрде қабылдайтын болдық. Алаң кісілермен толық болып өздерінің сүйікті әншілері мен би ансамблдеріне ду қол соғып қарсалды.

Киіз үй қалашықтарының иелері келген қонақтарға тегін дастархан әзірлеп оларды ақ көңілмен қарсы алып, дәмнен ауыз тигізді. Құрылған киіз үй санына, оның ішіндегі жайылған дастарханға, жасаулардың қаншалықты әзірленгеніне қарағанда,  халқымыздың хал-жағдайының жақсарғанын білдіреді. 

Енді зыряндықтар осындай жомарт мерекені қалдырмауға тырысады, өйткені бұл мерекеде ұлттық қазақ тағамдарынан ауыз тиіп, ежелгі көшпенді халықтың салт – дәстүрімен және өмірімен танысады. Әр ұйым өздерінің немесе жалға алынған киіз үй тіккенді мәртебе етеді.  Зырян ауданының білім бөлімі бұл ойды ең бірінші иеленгендіктен әр мектепте өздерінің киіз үйлері бар. Міне, мектеп тек қана білім беріп қоймай сонымен қатар, елімізде тыныштықта, татулықта өмір сүру керектігіне тәрбиелейді.  Патриоттық және интернационалдық тәрбиені балалар  үлкендермен тығыз қарым-қатынаста болғанда әсіресе осындай үлкен мейрамдар ұйымдастырылған кезде үлкен әсер етеді.  

 Әр киіз үйге ақ сақалдар, отағасыларын, соғыс және еңбек ардагерлерін шақырғандықтан, мерекеге оларды алып келетін арнайы көліктерді әзірледі. Олар сондай ықыласқа қатты қуанды. Олардың жылы жүздерінен қуныш пен ризашылық нұры шашылып турды. Киіз үй иелері қонақтарына бесбармақ, міне ғана үлкен қазандарда  дайындалған дәмді палау және самауыр шайын ұсынды. Алаңда сәнді қазақтың ұлттық киімдерін киген адамдар ән айтып, би биледі.  «Алтыбақанда» балалар ойнаса, сахна төрінде күресшілер ұлттық спорт  қазақша күрес «Зырян барасы» атты жарыс ойындарын өткізді. Кішкентай балалар үшін спорттық ойындар және  атта серуендеу ұйымдастырылды.  

Ұлттық тағам  «Ең үлкен бал төбешігі» (чак-чак)  зырян бәйбішелерімен дайындалған керемет тағамдар  бойынша жарыс өткізілді. Төрешілер мен халықты таң қалдыру үшін қиялдарын қосып  зор еңбектенген жұмыстары анық көрінді.  Әйелдердің зор еңбектері үшін аудан әкімшілігі қымбат сыйлықтарымен марапаттады, соның өзінде де олардың көз алдарында және ойларында қалған қуаныш пен таңданушылықтары осымен тоқтамай, умытпай әрі қарай жарыстарға үлкен мүмкіндік туғызды.  

Интернеттен Наурыз мейрамын өткізілгені  жайлы фоторепортажды біздің бұрынғы жерлестеріміз көріп, мынадай пікірлерде болды: «70 жылдары біз Зырян қаласында турғанда Наурыз мейрамын осылайша тойламаған еді! Өкінішті-ақ!»

Зыряндық мұрағатшылары  Наурыз – ашықтық, ықыластық, қайырымдылық мерекесінің өткізілуіне белсенді қатысты. Мұрағатшылар жайған дастархан басына келген  қарттарға, кедейлерге және де басқа да келушілерге  ұлттық тағам Наурыз –көже, ыстық жас ет, ыстық самауыр шайын тағы басқа тәтті- дәмді  тағамдарды ұсынып ауыз тигізді.  Барлықтарының көңіл – күйлері көтеріңкі болды, өздерінің істеген рақымшылық істері үшін бөтен адамдардан әр түрлі ризашылықтарын білдіріп,  келіп –кетіп жатқаны қандай жақсы. Міне ғана бізге қатып келген ғажайып мейрам, барлықтарының көңілінен шыға білді.  

Наурыз мейрамы ата- тегіміздің мирасын қайтарған, нағыз халық мейрамы болып келеді.  Көп ұлтты Қазақстан елінде тұратын халық үшін бұл мейрам барлығына бірдей қымбат болды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru