Мұрағатқа экскурсия
Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысы Зырян филиалы мемлекеттік мұрағатында жалпы білім беру мектептерінің және колледж шәкірттеріне саяхат жүргізіліп, лекция оқылады.
2014 жылдың 19 наурызда Зырян техникалық колледж студенттері үшін Зырян қаласының мемлекеттік мұрағатында жалпы саяхат өткізілді. Мұрағат бойынша саяхат жүргізбес бұрын, мұрағат мекемесі және оның бағыты туралы мәліметтермен таныстырды. Мұрағат қайраткерлері студенттерге Зырян мемлекеттік мұрағатына заң органдарының, біздің ауданымыздың орындаушы сот билігінің және барлық кәсіпорындар мен мекемелердің құжаттары тұрақты сақталу мерзіміне мұрағатқа тапсырылғаны туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар 160 мың істен жоғары тұрақты сақтау мерзіміне тапсырылғандығының арқасында ең үлкен мұрағат деп саналады тек қана Зырян қаласының тарихы бойынша емес, сонымен қатар Катонқарағай, бұрынғы Башынарым, Самар, Серебрянка аудандарының тарихы бойынша да.
Зырян ауданының мемлекеттік мұрағат жұмысының бағыты – біздің еліміздің тарихын есте қалдырған өте сирек құжаттардың мәңгі сақталуын қамтамасыз ету және қолдануда өткенді шолу мәліметтері саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени аспектілі өткен жылдардың тарихы жайлы қызығушылық танытқан әркімге мүмкіндік береді. Саяхат кезінде балаларға мұрағатымызда сақталған қызықты құжаттарды көрсетті: 1867, 1869 жылдарғы Зырян ауылының Николаево шіркеуінің метірке кітабымен, Францияда Пьера Копье француз инженерінің жеке мұрағатында сақталған Зырян туралы фото құжаттарымен және арнайы мұрағат құжаттарымен әзірленген Зырян тарихы туралы кітабі.
Мемлекеттік мұрағатта 39 жылдай мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету секторында қызмет еткен мұрағатшы - О.М. Полуханова қоймалар ішінде саяхат жүргізіп, құжаттардың сақталу ережесімен таныстырып, қойманың қажеттілігі туралы оның мұраттағы орны бойынша әңгімелеп берді. Қойма жұмысымен танысу кезінде қойма ішіндегі ылғалдығының, санитарно-гигиеналық міндеттерімен және нормаларымен танысты. Ольга Михайловна студенттердің назарын кішкентай ғана тезелерге, яғни құжаттарды сақтау үшін жарықтың қандай мөлшерде болуын айтты. Студенттер атынан сұрақтар көп болғанның өзінде де соған лайықты жауаптар да болды.
Болашақта ауданымыздың жұмысшылар қатарына кіретін студенттерімізге Зырян қаласының тарихымен электронды жүйе, видиороликпен жинақталған кәсіпорын мекемелерінің жұмысына да таныстыру саяхаты жүргізілді.